Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1216 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1216 қаулысымен  
бекітілген     

Судың бастапқы есебінің қағидалары

1. Жалпы ережелер

       1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      судың бастапқы есебі (бұдан әрі - СБЕ) - су пайдаланушылар жүргізетін жер үсті мен жер асты суларын алу және (немесе) су объектілеріне су ағызу (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
      бастапқы су пайдаланушы - өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
      өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі — объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.

2. Суды бастапқы есепке алу тәртібі

      3. СБЕ-ні бастапқы су пайдаланушылар жүзеге асырады.
      4. Бастапқы су пайдаланушылар СБЕ жүргізу үшін:
      көмегімен су алу немесе ағызу жүзеге асырылатын суды өлшеу, жинау және ағызу орындарының нөмірін көрсете отырып, су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғылардың, сондай-ақ осындай суларды қосалқы су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарының орналасу схемасы жасалады;
      СБЕ журналдарын жүргізеді.
      5. Су шығыстарын өлшеу әр су тарту құрылыстарында және сарқынды суларды шығару орындарында жүргізіледі.
      6. Ашық арынсыз суағарларда су шығыстарын өлшеу үшін стандартты суағызулар және науалар, сондай-ақ бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғылары қолданылады.
      Стандартты су ағызулар мен науалар орнатылған су шығыстары су шаруашылығы құрылыстардың түріне байланысты мына тәсілдермен:
      деңгей өлшеуіш мөлшер қаданың және шығыстар кестесінің көрсеткіштері бойынша;
      дәлдік тексеру су тартуды реттегіш және (немесе) ағызу құрылыстарының кестесі бойынша анықталады.
      7. СБЕ нәтижелері осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша журналдарда жазылады.
      8. Су пайдаланушылар СБЕ жүргізу үшін журналды тігеді, парақтарын нөмірлейді және журналды жүргізу басталған күнін көрсетеді. Су пайдаланушылар журналды қолымен және мөрімен растайды.
      9. СБЕ нәтижесінде алынған мәліметтер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электронды (Excel форматында) тасымалдағыштарда бассейндік су шаруашылығы басқармасына ұсынылады.
      10. Өлшеу құралдарын және өлшеу құрылғыларын таңдау өлшеу құралдарын орналастыратын үй-жайлардың болу есебімен, судың ең төменгі және ең жоғарғы пайдалану шығыстарымен және олардың ауытқу кестелерімен, шығыс өлшегіштер орнатылатын су құбырларындағы артық қысыммен немесе вакууммен, сорғы агрегаттарының түрлерімен (сорғы станцияларына арналған), сарқынды сұйықтықтың құрамымен, судың ластану деңгейімен және температурасымен анықталады.
      11. Су тарту (ағызу) құрылысының өлшеу құралы істен шыққан жағдайда су есебі соңғы көрсеткіштен ақаусыз өлшеу құралы орнатылған күнге дейін соңғы күнтізбелік он күнге орташа тәуліктік шығыстар бойынша жүргізіледі.

Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 1-қосымша

20___ жылғы_________тоқсандағы
судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер

      Су пайдаланушының атауы__________________________________
      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________
      СТН* БСН (ЖСН)___________________________________________
      Су ресурстарын жинауға (алуға) құқық белгіленген құжаттың
      деректемелері____________________________________________
      Су есептеуіш аспабының маркасы___________________________
      Су есебі аспаптарын соңғы тексеру күні___________________

су объектісінің атауы

Су жинағыштың координаттары

Су жинағыштың нөмірі

су жинағыштың лимиті, мың м3

Есепті тоқсандағы су жинағыштың нақты көлемі, мың м3

Қосалқы су пайдаланушыларға су беруді есептеу торабының нөмірі

Қосалқы су пайдаланушыларға берілді

Ысырап

енділігіне

ұзақтығына

тоқсанына барлығы

ағымдағы жылға

Тоқсан ішінде барлығы

оның ішінде

нормативтік

нормативтен тыс

град

мин

сек

град

мин

сек

1 ай

2 ай

3 ай

1 ай

2 ай

3 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20





















      * - СТН 2012 жылы 1 қаңтарға дейін көрсетіледі, 2012 жылы 1 қаңтардан БСН (ЖСН) көрсетіледі.

      Су пайдалануға жауапты тұлға тексерді:
      _________   _________   ___________
      (лауазымы)        (қолы)        (аты-жөні)

      20___ж. «___»_________
                     М.О.

Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 2-қосымша

Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптарымен және құрылғылармен есепке алу журналы

Шығысты өлшеу күні

Шығыс өлшегіштің (аспаптың) көрсеткіштері

Шығыс өлшегіштің жұмыс уақыты, тәулік

Аспапты түзетудің немесе дәлдік есептің коэффициенті

Су жинағыштың көлемі, м3/тәул., (4б. х 6б.)

Есепке алуды жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні

Қолы

алдыңғы

өлшеу кезіндегі

көрсеткіштер айырмасы (2-б. мен 3-б. арасында)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























Есепті айдағы жиыны









Жыл басынан бері өспелі жиыны









      Су пайдалануға жауапты тұлға тексерді:
      __________   ___________   ____________
      (лауазымы)      (қолы)      (аты-жөні)

      20___ж. «___»_________
                     М.О.

Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 3-қосымша

Ағызылатын сарқынды (сорғытылған) сулардың сапасын есепке алу журналы

Күні

Ингредиент атауы

Ингредиенттің шоғырлануы, мг/дм3

Сарқынды (сорғытылған) сулардың шығысы, тәулігіне м3/мың

Ағызылатын ингредиенттің мөлшері, кг

Талдауды жүзеге асыратын тұлғаның қолы

1

2

3

4

5

6



















      Су пайдалануға жауапты тұлға тексерді:
      __________   ___________   ____________
      (лауазымы)      (қолы)      (аты-жөні)

      20___ж.«___»_________
                     М.О.