Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Міндеттерде»:
«Тұрғын үй құрылысын дамыту» деген сөздер алынып тасталсын;
«Нысаналы индикаторларда»:
«63 000» деген сандар «24 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ағымдағы жай-күйді талдау» деген 3-бөлімде:
3.6-кіші бөлім алынып тасталсын;
«Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері және іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 4-бөлімде:
«Бағдарламаның міндеттері» деген 4.2-кіші бөлімде:
4-тармақ алынып тасталсын;
«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген 4.3-кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын «24 000»;
12-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«12-кесте. Жылдар бойынша нысаналы индикаторларды ұлғайту серпіні
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері |
Өлш. бірл. |
Болжамды кезең |
||||
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
||
Құрылыс материалдары өндірістерінде еңбек өнімділігін бір адамға 24 000 АҚШ долларына дейін ұлғайту |
мың долл./ |
16 |
18 |
20 |
22 |
24 |
»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын «24»;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелердің көрсеткіштері» деген 4.4-кіші бөлімде:
алтыншы және жетінші бөліктер алынып тасталсын;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
үшінші бөлікте:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын «20 000»;
бесінші бөліктегі төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын «24 000»;
5.4-кіші бөлім алынып тасталсын;
«Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
2) тармақшаның екінші бөлігі алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
«Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау» деген 5-кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов