Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш-зымыран қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 182-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 301, 302-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
301. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында);
302. «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)»;
3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«3. «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» (шаруашылық жүргізу құқығында)».
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов