"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1109 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берсін;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 1109 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 205-16-жол алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-9-жолмен толықтырылсын:
      «222-33-9. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті».
      2. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
      «Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті».
      3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      «Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлімдегі 66-3-жол алынып тасталсын.
      4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 12-2-жол алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-5-жолмен толықтырылсын:
      «19-5. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті».
      5. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығы жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      16-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 21-1-жолмен толықтырылсын:
      «

21-1

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

                                                              ».