"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1079 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 513-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
                         «Қазақстан Республикасының
                          Сыртқы істер министрлігі
                 шет мемлекеттердің барлық құзыретті қызмет
                  органдарынан дипломаттық паспорт иесінің
                        бөгетсіз жүріп-тұруын қамтамасыз
                     етуді және қажет болған жағдайда заңды
                      қолдау көрсетіліп, қорғалуын өтінеді.»;
      13-тармақтың төртінші абзацында:
      өзгерістер тек орыс тілінде енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      13-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
                     «Бұл дипломаттық паспорт Қазақстан
                      Республикасына шетелдік сапардан
                   оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының
                    Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады.»;
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
                 «All competent authorities of foreign states
                    are requested to extend all courtesies
                  to the bearer of this passport, a citizen
                       of the Republic of Kazakhstan,
                             traveling abroad.»;
      13-тармақтың үшінші абзацында:
      өзгерістер тек мемлекеттік тілде енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      13-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
            «This service passport contains sensitive electronic
          technology and should be handled with the same care as
            other electronic devices. To ensure that it functions
          properly, please do not bend, perforate or subject it to
                extreme temperatures or excessive moisture.».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов