Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1076 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 1076 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-41-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-41. «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ»;
      «Алматы қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 123-4-жол алынып тасталсын.
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 237-34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «237-34. «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ»;
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 283-жол алынып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
      реттік немірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын.
      4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 20-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-1. «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы 100%».
      5. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 6-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

6-2

«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

                                                       ».