Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 222 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамдарына мыналар енгізілсін:
Арал теңiзi, Сырдария өзенi және Шардара су қоймасы бойынша:
Жұмажанов |
- |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi төрағасының орынбасары, төраға, |
Қожағұл |
- |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Арал-Сырдария облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясының бастығы; |
Балқаш көлi, Алакөл көлдер жүйесi, Iле өзенi және Қапшағай су қоймасы бойынша:
Садықов |
- |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы бастығының орынбасары; |
мына:
«Асылбекова |
- |
«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Балқаш филиалының директоры (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Асылбекова |
- |
«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)»; |
Зайсан көлi, Бұқтырма және Шүлбi су қоймалары, Ертiс өзенi және Қ.Сәтпаев атындағы канал бойынша:
Жұмажанов |
- |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi төрағасының орынбасары, төраға, |
Көбенов |
- |
Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары, |
Тоқтасынов |
- |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияның Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, |
мына:
«Иманжанов |
- |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының бөлім бастығы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Иманжанов |
- |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары»; |
Каспий теңiзi, Жайық өзенi және Қиғаш өзенi бойынша:
Паритов |
- |
Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары; |
көрсетілген құрамдардан Әзіс Василийұлы Шотқараев, Елікбай Дүйсенбайұлы Керуенбаев, Досмұхамбет Нұрмахамбетұлы Қасымов, Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов, Жанымхан Қаюұлы Құндызбаев, Мұханбет Мұратбайұлы Жүнбасов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов