«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1006 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінін күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде аудан мен облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін құрсын.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
      «1. Облыстық әкімдік» деген бөлімнің 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
      «2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
      «27. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы»;
      «3. Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      «16. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі».
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов