Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 482-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Есеп материалдарында дәлсіздіктер байқалған немесе олар толық көлемде берілмеген жағдайларда олар пысықтауға қайтарылады.».
2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өсіп тұрған күйінде босатылатын сүрек үшін төлемақы сомасын есептеудің және төлеудің тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 507-бабына сәйкес айқындалады.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға онда орман иеленушімен келісілген кеспеағаштар дайындауға технологиялық карталар болған жағдайда уәкілетті орган сүректі дайындау көлемін бекіткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі»;
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Кесу басталған және белгіленген мерзімде аяқталмаған ағаш кесетін жерлер болған жағдайда, сондай-ақ дайындалған, бірақ мерзімінде әкетілмеген сүрек орманда қалдырылған жағдайда орман пайдаланушы осы жұмыстарды жүргізуді 5 айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.»;
24-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік орман иеленушілер орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу және санитарлық мақсатта ағаш кесу тәртібімен дайындайтын және мемлекеттік орман иеленуші франко-кеспеағаш шартымен сататын сүректі тасып әкетуге тұтынушыларға дәл осы тәртіппен кейінге қалдыру уақыты беріледі.».
3. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1317 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 547-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 39 және 40-баптарында айқындалған негіздерде тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады, орман пайдалану құқығын тоқтату тәртібі 41-бабына сәйкес жүзеге асырылады.».
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесінде:
14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) үш жыл ішінде іске асырылатын, осы жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері көрсетілген сүректі толық өңдеуді және плантацияда өсіру үшін тұқымбақ ұйымдастыру бойынша кешенді даму жоспарын қамтиды.»;
27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Тендерді ұйымдастырушы тендер комиссиясының хаттамасына қол қойылғаннан кейін тендер жеңімпазына (жеңімпаздарына) хабарлама жібереді және хаттамаға қол қойылған күнінен бастап он күн мерзім ішінде онымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын (бұдан әрі - шарт) жасасады.».
5. «Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж. № 8, 106-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекеше орман иеленушілер уәкілетті органға мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет материалдарды (түсіндірме жазба қоса тіркелген статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен № 1 нысан бойынша «Орман қорының мемлекеттік есебі») уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес береді.».
6. «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың одан алатын ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 184-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың одан алатын ақша қаражатын жұмсау ережесінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналардан:
аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерін жоғалтқан екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу) және өзге де мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алаңдарын тазарту; өтімді үйінділерді жинау; өзге де мақсаттар үшін ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу);
жанама орман пайдаланудан (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау) тауарлар өткізу.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кәдесый өнімін өндіру».