"Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 981 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";
      1) көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Келімбетов                   - Қазақстан Республикасының
      Қайрат Нематұлы                Экономикалық даму және сауда
                                     министрі, төраға,

      Беспалинов                   - Қазақстан Республикасының
      Тілеуғазы Айтқазыұлы           Экономикалық даму және сауда
                                     министрлiгi Өңiрлiк саясат және
                                     бюджетаралық қатынастар
                                     департаментi директорының
                                     орынбасары, хатшы,

      Сарыбеков                    - Қазақстан Республикасының Білім
      Махметғали Нұрғалиұлы          және ғылым вице-министрі,

      Хасенов                      - Қазақстан Республикасының Ауыл
      Сақташ Сатыбалдыұлы            шаруашылығы вице-министрi,

      Тихонюк                      - Қазақстан Республикасының
      Николай Петрович               Құрылыс және тұрғын
                                     үй-коммуналдық шаруашылық істері
                                     агенттiгi төрағасының
                                     орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Өмiрзақ Естайұлы Шөкеев, Абзал Сансызбайұлы Мұхимов шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема) көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында құрылды.";
      4-тармақта:
      4) тармақшада "көрсету." деген сөз "көрсету;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
      6) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын қаржыландыру лимиттерін қалыптастыру.";
      5-тармақта:
      5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын тиімді іске асыру;";
      "7) Болжамды схеманы және аумақтарды дамыту бағдарламаларын тиімді іске асыру.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсімов