«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 975 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 114 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінде:
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға ретінде немесе орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада және халқының саны 300000-нан (үш жүз мың) астам адам болатын қалаларда стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
      Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов