«Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 956 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2014 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 64-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларда және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша облыс бюджетінде 010 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау» және 013 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер көрсетушілерге шығындарды 100%-ға дейін өтеу;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) дүлей апаттардан зардап шеккен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыруға құқық беретін тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға берген кредит бойынша сыйақы ставкасының 80%-ына дейін субсидиялау. Бұл ретте субсидиялануға тиіс сыйақы ставкасы субсидиялау бағдарламасына қатысатын барлық  агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін бірдей болуға тиіс.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) көрсетілген ұйымдар мен қарыз алушы (агроөнеркәсіптік кешен субъектісі) арасында жасалған кредитті өтеу және ол бойынша пайыздарды төлеу кестесімен қоса, екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар растаған кредиттік шарттың және (немесе) алдын ала шарттың көшірмесін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов