«Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 933 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық, кеңестің құрамына:
      мыналар енгізілсін:
Келімбетов               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы            даму және сауда министрі,

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы         министрі,

Мақажанова               - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Ғалия Ақатайқызы           судьясы (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Жанар Сейдахметқызы Айтжанова, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, Мәрзия Аппасқызы Балтабай шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов