"Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 879 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 431-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды.
      Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар баждың мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын береді.»;
      16-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Д» санатындағы көлік құралдарын, троллейбустар мен трамвайларды басқаруға құқық беру кезінде жиырма бір жасқа толмаса және жүргізушінің кемінде үш жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсынбаса;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов