"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы іске асыратын "Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру" жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамымен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасасын;
2) "2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде Азия Даму Банкіне (бұдан әрі – Банк) 22200000000 (жиырма екі миллиард екі жүз миллион) теңге мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша "Даму" КДҚ" АҚ-ның міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілсін.
2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Даму" КДҚ" АҚ-ның мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов