Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 шілдедегі
№ 868 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 128, 261, 309-жолдар алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 4, 6, 7, 9, 12-жолдар алынып тасталсын.
4. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 215-жол алынып тасталсын.