Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 41, 528-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің штат саны 12 бірлік санында бекітілсін.";
2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 310
Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі 12";
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов