Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 855 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қайта аталатын мемлекеттік
мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық
және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мынадай
мемлекеттік мекемелері таратылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Өскемен қаласы);
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі
(Шымкент қаласы).
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 15, 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Семей қаласы).
      16. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы (Шымкент қаласы).»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
      «16-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Алматы қаласы).»;
      реттік нөмірлері 17, 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
      18. Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.»;
      реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Атырау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.»;
      реттік нөмірі 21-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірлері 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
      23. Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
      24. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
      25. Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
      26. Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
      27. Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
      28. Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің оқу
орталығы.»;
      реттік нөмірі 29-жол алынып тасталсын.
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      мынадай:
«


Ақтөбе заң институты

156


Семей заң колледжі

115


Шымкент заң колледжі

157


Бастапқы даярлық училищесі

80

                                          »

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«


Ақтөбе заң институты

215


Оқу орталығы (Семей қаласы)

98


Оқу орталығы (Шымкент қаласы)

115


Оқу орталығы (Алматы қаласы)

80

                                                          ».
      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қайта аталынатын мемлекеттік мекемелерді қайта тіркеу бойынша тиісті шараларды қабылдасын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов      

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің  
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 855 қаулысына 
      қосымша  

      Қайта аталынатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Семей заң колледжі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығына (Семей қаласы).
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына (Шымкент қаласы).
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Алматы қаласы) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығына (Алматы қаласы).
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Астана қаласы) Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Ақтөбе қаласы) Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Атырау қаласы) Атырау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Тараз қаласы) Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Теміртау қаласы) Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Қызылорда қаласы) Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Қостанай қаласы) Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Ақтау қаласы) Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына. 
      12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Павлодар қаласы) Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.
      13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Петропавл қаласы) Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығына.