ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу үшін Жаһандық қормен жұмысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Елдік үйлестіру комитеті) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Елдік үйлестіру комитетінің құрамы;
2) Елдік үйлестіру комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
№ 854 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетінің құрамы
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы министрі, төраға
Аманжолов - "АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың
Нұрәлі Хамрақұлұлы қазақстандық одағы" қоғамдық қорының
президенті, төрағаның орынбасары (келісім
бойынша)
Гайлевич - Қазақстандағы және Түрікменстандағы
Роман Евгеньевич АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бірлескен
Бағдарламасының үйлестірушісі, төрағаның
орынбасары (келісім бойынша)
Құлқаева - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Гүлнәр Өтепбергенқызы министрлігінің Медициналық көмекті
ұйымдастыру департаменті директорының
орынбасары, хатшы
Аманбаев - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Әмірхан Тапашұлы орынбасары
Ахметов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжәліұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Ирсалиев — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Серік Әзтайұлы вице-министрі
Ескендіров - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы даму және сауда вице-министрі
Күреңбеков - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Амантай Жанкеұлы министрінің орынбасары
Құрманғалиев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әсет Қабиұлы министрінің орынбасары
Оразов Қазақстан Республикасының Ақпарат және
Нұрай Нұрғожаұлы - байланыс вице-министрі
Оспанов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Кеңес Сәрсенғалиұлы министрлігі Мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
төрағасы
Әлсейітов - "Балаларды ЖИТС-тен қорғау" қайырымдылық
Қанат Байдоллаұлы қоғамдық қорының президенті (келісім
бойынша)
Андреев Андрей - "Құқықтық бастама" қоғамдық бірлестігінің
президенті (келісім бойынша)
Елкеев - "Теңбе-тең" республикалық қауымдастығының
Сағынғали Бабанұлы президенті (келісім бойынша)
Тұрғынбаев - "Жолдас" ЖИТС-сервистік ұйымдары
Болатбек Базарбайұлы қауымдастығының президенті (келісім
бойынша)
Пак - "Сен жалғыз емессің" қоғамдық қорының
Александр Яковлевич директоры (келісім бойынша)
Ружникова - "Шапағат" қоғамдық қайырымдылық қорының
Зоя Иосифовна директоры (келісім бойынша)
Сауранбаева - Қазақстандағы Рорulаtіоn Sеrvісеs
Мира Мұратқызы Intеrnаtіоnаl коммерциялық емес
халықаралық ұйымының Орталық Азия филиалы
кеңсесінің директоры (келісім бойынша)
Айтмағамбетова - СиДиСи-дің Орталық Азиядағы өңірлік
Индира Абракқызы кеңсесінің жетекші эпидемиологы (келісім
бойынша)
Дәулетов Қайрат - Халықаралық даму жөніндегі АҚШ
агенттігінің денсаулық сақтау мәселесі
жөніндегі маманы (келісім бойынша)
Дәметов - Әлеуметтік мәні бар аурумен ауырған
Өсербай Сейілханұлы азамат (келісім бойынша)
Чирикова - Әлеуметтік мәні бар аурумен ауырған
Райхан Әбдіқызы азамат (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
№ 854 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - ЕҮК) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдармен жұмысты үйлестіру мәселелерін шешуде мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. ЕҮК Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы денсаулық сақтау саласындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. ЕҮК құрамына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауырған азаматтар кіреді.
4. ЕҮК өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Негізгі функциялар
5. ЕҮК негізгі функциялары:
1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы бойынша;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобаларға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша;
3) Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға АИТВ инфекциясының, туберкулездің профилактикасы және онымен күрес жөніндегі жобаларды қаржыландыруға арналған өтінімдерді бекіту бойынша;
4) жобаларды іске асыруға жауапты халықаралық ұйымдарға бөлінген қаражатты негізгі алушыларды анықтау бойынша;
5) халықаралық және басқа да ұйымдар қаржыландыратын денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыруды бағалауға қатысты;
6) АИТВ инфекциясымен, туберкулезбен күрес саласындағы бағдарламалардың шеңберінде келісілген іс-шараларды әзірлеу үшін жобалар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
6. Жүктелген міндеттерді іске асыру және ЕҮК функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
1) негізгі алушылардан және мемлекеттік органдардан денсаулық сақтау саласындағы жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат сұратуға және алуға;
2) ЕҮК отырыстарында денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру және жобаларға бөлінген қаражатты пайдалану барысы туралы негізгі алушыларды тыңдауға құқылы.
3. ЕҮК қызметін ұйымдастыру
7. ЕҮК-дегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес секторынан өкілдерінің құрамы ЕҮК мүшелерінің жалпы санынан кемінде 40 пайыз болуы тиіс.
8. ЕҮК оның қызметіне басшылық жүргізетін, отырыстарда төрағалық ететін және ЕҮК шешімдерінің іске асырылуын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жалпы бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
9. ЕҮК отырысы өткізілгеннен кейін ЕҮК хатшысы хаттама ресімдейді, Хатшы ЕҮК мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
11. ЕҮК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға ЕҮК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру ЕҮК отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
ЕҮК мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген ЕҮК отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
ЕҮК отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЕҮК хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЕҮК мүшелеріне келісу үшін жібереді.
ЕҮК мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
12. ЕҮК отырысы жылына кемінде екі рет өткізіледі.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ЕҮК жұмыс органы болып табылады.
Жұмыс органы ЕҮК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде ЕҮК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар ЕҮК отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса ЕҮК мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
14. Дауыс беру парақтарымен қоса, ЕҮК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды ЕҮК жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.