"Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 844 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 844 қаулысына
қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2000 жылғы 30 қазандағы
№ 1631 қаулысына
қосымша     

Туризм жөніндегі кеңес құрамы

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы          орынбасары, төраға

Ермегияев                - Қазақстан Республикасының Туризм және
Талғат Амангелдіұлы        спорт министрі, төрағаның орынбасары

Кәкен                    - Қазақстан Республикасының Туризм және
Қарлығаш Ғазизқызы         спорт министрлігі Туризм индустриясы
                           комитетінің төрайымы, хатшы

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрі

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы          министрлігінің жауапты хатшысы

Ескендіров               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы              даму және сауда вице-министрі

Кулинич                  - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Александр Васильевич       министрінің орынбасары

Орынханов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Мұрат Қадесұлы             вице-министрі

Рау                      - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович           жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Хасенов                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сақташ Сатыбалдыұлы        шаруашылығы вице-министрі

Шеңгелбаев               - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытжан Рақымұлы          спорт вице-министрі

Тарасенко                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Елена Ивановна             Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
                           Республикасы Туристік одағының президенті,
                          "Жайық-Орал" экологиялық экспедициясының
                           жетекшісі (келісім бойынша)

Асанбаева                - Қазақстан Туристік қауымдастығының
Роза Әбдіхамитқызы         президенті (келісім бойынша)

Елеусізов                - Қазақстанның «Табиғат» қауымдастықтар мен
Мэлс Хамзаұлы              кәсіпорындар экологиялық одағының төрағасы
                          (келісім бойынша)

Дүйсенғалиев             - Дүниежүзілік Туристік Ұйымы Іскерлік
Тимур Талашұлы             кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Қалиев                   - Қазақстан Ұлттық туристік ұйымдар
Жекен Қалиұлы              конфедерациясының президенті, Қазақстан
                           Республикасындағы Біріккен Ұлттар
                           Ұйымының ықпал ету қауымдастығының
                           төрағасы (келісім бойынша)

Шаяхметов                - Қазақстан Республикасы Балалар және жастар
Асхат Ғалиұлы              туристік ұйымдары қауымдастығының
                           президенті (келісім бойынша)

Шәйкенова                - Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар
Рашида Рашидқызы           қауымдастығының президенті(келісім
                           бойынша)

Алшанов                  - "Тұран" университетінің ректоры, экономика
Рахман Алшанұлы             ғылымының докторы, профессор (келісім
                            бойынша)

Ердәулетов               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Станислав Рамазанұлы       министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ
                           Ұлттық Университеті" республикалық
                           мемлекеттік кәсіпорны туризм кафедрасының
                           меңгерушісі, география ғылымдарының
                           докторы, экономика ғылымдарының кандидаты,
                           Қазақстан Туристік қауымдастығының мүшесі
                           (келісім бойынша)