"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 808 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 808 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 292-4-жол алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      2-тармақ алып тасталсын.
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті» деген бөлімдегі реттік нөмірі 60-жол алып тасталсын.
      4. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 202-құжат):
      4-тармақ алып тасталсын.