Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақпараттық - есептеу орталығы» акционерлік қоғамы мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                                К.Мәсімов