Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 784 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
      "Қаржыландыру көздері мен көлемі" деген жолдағы "63,1" деген сандар "41,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Кіріспе" деген 2-бөлімде:
      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі — Банктер) және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;";
      тоғызыншы бөліктегі "ұлғайту мақсатында" деген сөзден кейін "Даму Банкі берген кредиттерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      он екінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "білім беру мекемесі - бизнес-тренингтер жүргізу арқылы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ғылыми ұйым және "Іскер байланыстар" жобасына қатысушылардың шет елдерде тағылымдамадан өтуін консультациялық сүйемелдеу;";
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның қатысушылары бола алмайды.";
      "Міндеттері" деген 4.3-бөлімде:
      "Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау" деген кіші бөлімде:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстанның Даму Банкінің кредитттерін қоспағанда, минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушы бола алмайды.";
      "Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары" деген кіші бөлімде:
      екінші бөліктегі "3" деген сан "4,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Даму Банкінің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау сыйақы ставкасы 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6%-нан аспайтынын Бағдарламаның Қатысушысы төлейді, ал 7%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Даму Банкі:
      өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.";
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12%-ға дейін төмендететін, оның 7%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын Даму Банкі 11%-ға дейін төмендететін, оның 6%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.";
      "Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі" деген кіші бөлімде:
      "банкке", "банк", "банктің", "банктерге", "банкттердің" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкіне", ", Даму Банкі", ", Даму Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары" кіші бөлімде:
      екінші бөліктегі "3" деген сан "4,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      сегізінші бөлік мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 14%-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Даму Банкінің сыйақы ставкасы 13%-дан аспайды. Бұл ретте банк және Даму Банкі:
      өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.";
      "Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру" деген кіші бөлімде:
      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстанның Даму Банкінің кредитттерін қоспағанда, минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;";
      "Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары" деген кіші бөлімде:
      екінші бөліктегі "3" деген сан "4,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      үшінші және төртінші бөліктер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Даму Банкінің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау сыйақы ставкасы 11,5%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6,5%-нан аспайтынын Бағдарламаның Қатысушысы төлейді, ал 5%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Даму Банкі:
      өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебіне алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
      Даму Банкі берген кредиттер бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 9,5%-ға дейін төмендететін (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), оның 4,5%-ға дейінгісін борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін барлық санаттардың валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
      Қолданыстағы кредиттерге банктер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін берген, Бағдарламаның екінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін кредиттер жатады.
      Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12%-ға дейін төмендететін, оның 7%-ын борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, егер қолданыстағы сыйақы ставкасы 12%-дан төмен болған жағдайда, Банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға тыйым салынады.
      Пайыздық ставканы субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11,5%-ға дейін төмендететін, оның 6,5%-нан аспайтынын борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, егер қолданыстағы сыйақы ставкасы 11,5%-дан төмен болған жағдайда, Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға тыйым салынады.";
      "Екінші бағытты іске асыру тетігі" деген кіші бөлімде:
      9-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      "Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" деген кіші бөлімде:
      төртінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстанның Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.";
      "Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары" кіші бөлімде:
      бірінші бөліктегі "3" деген сан "4,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Даму Банкінің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау сыйақы ставкасы 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 5%-нан аспайтынын Бағдарламаның Қатысушысы төлейді, ал 8%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Даму Банкі:
      өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.";
      бесінші бөлік алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 13%-ға дейін төмендететін, оның 5%-ын кәсіпкер, ал 8%-ын мемлекет өтейтін (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) жіктелгендерге жатпайтын Даму Банкінің валюталық стандарттық кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.";
      "Үшінші бағытты іске асыру тетігі" деген кіші бөлімде:
      "банктің", "банктердің", "банк", "банкке" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкінің", ", Даму Банкі" ", Даму Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Төртінші бағыт: Кәсіпкердің әлеуетін күшейту" деген кіші бөлімде:
      екінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "еңбек нарығы талап ететін мамандықтар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау (осы құрамдауыш 2011 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады).";
      "Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту" деген кіші бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Бағдарламаның қатысушысы бола алады.";
      "Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту тетігі" деген кіші бөлімде:
      оныншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы кезеңде бизнес жүргізудің осы заманғы әдістерін, маркетингті үйретуге, бизнес-әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға және басқаларына бағытталған бизнес-тренингтер (бұдан әрі - Бизнес-тренинг) ұйымдастыру арқылы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жүргізілетін болады. Оқу процесінде Жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.";
      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстанның кәсіпкерлік секторының қажеттілігін және қабылдаушы елдің салаларының даму деңгейін ескере отырып, Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға халықаралық және шетелдік ұйымдар (Еуропада - Еуропалық Одақ ұйымы, Америка Құрама Штаттарында - ЮСАИД, Кореяда - КОІСА, Японияда - ЛСА, Германияда - Германия халықаралық ынтымақтастық орталығы) жәрдемдесетін болады.";
      "Іскерлік байланыстар" жобасын іске асыру шарттары" деген кіші бөлімде:
      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жобаға Қатысушылардың шет елдердегі тақырыптық бизнес-тағылымдамасын қаржыландыру жергілікті атқарушы органдар мен Оператор арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады және оның ішінде көліктік шығыстарға ақы төлеуді қамтиды.";
      "Іскерлік байланыстар" жобасының бірінші кезеңін іске асыру тетігі" деген кіші бөлімде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Оператор халықаралық және шетелдік ұйымдар бойынша салалардың бөлінуін келісу үшін Уәкілетті органға енгізеді және Жобаға қатысушылардың мақұлданған тізімдерін Бизнес-тренингтерді дайындау жөнінде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін білім беру мекемелеріне жолдайды.";
      "Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері" деген 6-бөлімде:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 41,2 млрд.теңге, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қаржы агенттерінің қызметтеріне ақы төлеуге 502 млн. теңге көзделген.";
      көрсетілген Бағдарламаның 2-қосымшасында:
      1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацындағы "банктердің" деген сөздер "Даму Банкін қоспағанда, банктердің" деген сөздер ауыстырылсын;
      1-тармақтың 5), 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) сыйақы ставкасын субсидиялау кезінде кредит(тер) бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит(тер) қаражаты жоба(лар) құнының 30%-нан аспайтын;";
      "8) Қазақстан Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, тау-кен өнеркәсібін, сондай-ақ минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы "сенімсіз" және "күмәнді" деп жіктелгендерді қоспағанда, тиісті қаржы жылында ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайда алатын кәсіпкерлер;";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мыналар:
      1) Қазақстанның Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
      2) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның қатысушылары бола алмайды.";
      2) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      "терминдер және анықтамалар" деген 2-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы екінші жолмен толықтырылсын:
      "Даму Банкі - Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы";
      Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК), "Субсидиялау", "Субсидиялар", "Банктік қарыз шарты", "Банк кредиті (бұдан әрі - кредит)" деген жолдардағы екінші бағанда "Банктер", "Банкке", "Банк" деген сөздер сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкіне", "Даму Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Мемлекеттік даму институттары" деген жолдағы екінші бағанда "Экономиканың" деген сөз "Даму Банкін қоспағанда, экономиканың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Субсидияларды беру шарттары" деген 3-бөлімде:
      11, 12, 13-тармақтардағы "Банктер", "Банктердің" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің (тердің) сомасы Кәсіпкердің әрбір жеке Жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредиттің (тердің) сомасы Кәсіпкермен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешекті есепке алмай, оның әрбір жобасына жеке есептеледі. Егер кредит(тер)дің /Кәсіпкердің жеке Жобасына берілген кредит бойынша негізгі борыш қалдығының жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеден асқан жағдайда, Кәсіпкер бір Жоба бойынша 4,5 млрд. теңге шегінде Субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алуға құқылы.";
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Субсидиялау сыйақының номиналды ставкасы жылдық 14%-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, олардың 7%-дан аспайтынын Кәсіпкер төлейді, ал 7%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте, Банк:
      Кәсіпкер бастамашы болатын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер өндіріп алмайды.
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12% дейін төмендететін, оның 7%-ын борышкер, ал 5%-ын мемлекет өтейтін (Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), жіктелгенге жатпайтын валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Егер кредит беру жылдық сыйақы 13%-дан асатын номиналды ставка бойынша жүзеге асырылған жағдайда 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қолданыстағы кредиттерді субсидиялау Даму Банкі номиналды сыйақы ставкасын 13%-ға дейін және валюталық кредиттер бойынша 11%-ға дейін төмендеткен жағдайда ғана жүргізіледі.
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11%-ға дейін төмендететін, оның 6%-ын борышкер, ал 5%-ын мемлекет өтейтін (Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), жіктелгенге жатпайтын валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда оны болашақ субсидиялар есебінен есептеп, ал бағамдық айырма теріс болған жағдайда - өтеу қарыз алушыға жүктелсін.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Егер Банк пен Кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарып отырса, онда айырбастау Банк және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.";
      "4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі" деген бөлімде:
      22, 24, 30, 32-тармақтардағы "Банкке", "Банкті", "Банк", "Банктің", деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкін", ", Даму Банкінің", деген сөздермен толықтырылсын;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      Уәкілетті органға келісу үшін ӨҮК хаттамасы мен (мақұлданған/бас тартылған) Кәсіпкерлер бойынша кұжаттардың барлық пакетін;
      Кәсіпкермен Субсидиялау шартын жасасу үшін дайындық іс-шараларын жүргізу үшін Банкке, Даму Банкіне және Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын жібереді.";
      "5. Субсидиялау тетігі" бөлімде:
      33, 36, 37, 38, 39, 40, 42-тармақтардағы "Банк", "Банкке", "Банктегі", "Банктен" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкіне", ", Даму Банкіндегі", ", Даму Банкінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      35, 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Банк, Даму Банкі Қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарттары бойынша субсидиялау сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады. Банк, Даму Банкі Қаржы агентінің ағымдағы шотынан осы Ережеде белгіленген тәртіппен субсидиялау сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
      Субсидиялар сомасын Қаржы агенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
      36. Субсидиялау үшін қарастырылған қаражатты Қаржы агенті Субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, тоқсан сайын аванстық төлемдермен Банктегі, Даму Банкіндегі ағымдағы шотқа аударуды асырады.";
      "6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі" деген бөлімде:
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Мынадай:
      Субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
      Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларының жүргізілуі;
      Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына сәйкес төлемдер кестесі бойынша Банк, Даму Банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамау фактілері белгіленген кезде Қаржы агентінің Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар.";
      46, 50-тармақтардағы "Банкті" деген сөзден кейін тиісінше ", Даму Банкін" деген сөздермен толықтырылсын;
      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "49. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру мүмкіндігін қарау үшін Уәкілетті органға;
      мәлімет үшін Банкке, Даму Банкіне және Қаржы агентіне жібереді.";
      51, 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Уәкілетті органмен келісілген нәтижелер бойынша Қаржы агенті мынадай жағдайларда:
      1) Кәсіпкерді Субсидиялаудың қалпына келтірілгендігі туралы шешімді келіседі;
      Банкті, Даму Банкін және Кәсіпкерді субсидияларды төлеудің қалпына келтірілгендігі туралы хабардар етеді;
      оларға тоқтата тұрған кезеңде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді.
      2) Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешімді келісу, Субсидиялау шартын бір жақты бұзу туралы хабарды Кәсіпкерге, Банкке және Даму Банкіне жібереді, онда Субсидиялау шартының бұзылған күнін және бұзылу себептерін көрсетеді.
      52. Мынадай жағдайларда Қаржы агентінің Банкке, Даму Банкіне және Кәсіпкерге жіберген хабарламасында көрсетілген күннен бастап Субсидиялар төлеу тоқтатылған, ал Субсидиялау шарты бұзылған деп танылады:
      Кәсіпкердің Банк пен Даму Банкі алдындағы Банктік қарыз шарты бойынша кредитін толық мерзімінен бұрын өтеуі. Кәсіпкердің Банкке және Даму Банкіне кредитті толық өтеген күні Субсидиялау тоқтатылған болып саналады;
      Уәкілетті органның Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдауы;
      осы ережелерді өзгерту және/немесе күшін жою.";
      "Бағдарлама мониторингі" деген 7-бөлімде:
      54, 55-тармақтардағы "Банк", "Банктен" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлік секторды сауықтыру" екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесінде:
      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімде:
      "Терминдер және анықтамалар" деген 2-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы үшінші жолмен толықтырылсын:
      "Даму Банкі        Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан
                         "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік
                         қоғамы;";
      "Кредитор банк", "Субсидиялау шарты", "Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын жұмыс органы", "Субсидиялау", "Субсидиялар", "Банк кредиті (бұдан әрі - Кредит) деген жолдардағы "Банк", "Банктің", "Банктегі", "Банкке", тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкінің", ", Даму Банкіндегі", ", Даму Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Банктік қарыз шарты" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктік қарыз шарты       Шарттары бойынша Банк, Даму Банкі
                                 Борышкерге кредит беретін Банк, Даму
                                 Банкі және Борышкер арасында
                                 жасалатын жазбаша келісім. Қарыз
                                 шартына сондай-ақ кредит алу туралы
                                 келісім де жатады;";
      "Мемлекеттік даму институттары" деген жолдағы екінші бағанда "Экономиканың" деген сөз "Даму Банкін қоспағанда, экономиканың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "3. Субсидияларды беру шарттары" деген бөлімде:
      15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Субсидиялау Банктердің, Даму Банкінің қолданыстағы кредиттері бойынша (мақұлданған сәтте) және қолданыстағы кредит желісі шеңберіндегі Жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын жаңа берешекке ғана жүзеге асырылады.
      Қолданыстағы кредиттерге Банктер, Даму Банкі Бағдарламаның екінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін берген кредиттер жатады.
      Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12%-ға дейін төмендететін, оның 7%-ын борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, егер қолданыстағы сыйақы ставкасы 12%-дан төмен болған жағдайда Банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға тыйым салынады.";
      16. Субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің (тердің) сомасы Борышкердің әрбір жеке Жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредиттің(тердің) сомасы Борышкермен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті(тері) бойынша берешекті есепке алмай, оның әрбір жобасына жеке есептеледі. Егер кредит(тер)дің/Борышкердің жеке Жобасына берілген кредит бойынша негізгі борыш қалдығының жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеден асқан жағдайда, Борышкер бір жоба бойынша 4,5 млрд.теңге шегінде Субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алуға құқылы.";
      17-тармақ алынып тасталсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. 2010 және 2011 жылдары Субсидиялау жылдық номиналды сыйақы ставкасы 12%-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүргізіледі, оның 7%-нан аспайтынын Борышкер төлейді, ал 5%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Даму Банкі:
      Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      Кәсіпкердің кредит жөніндегі міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе басқа төлемдер алмайды.
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Банктер сыйақы ставкасын 10%-ға дейін төмендететін, оның ішінде 5%-ын борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін, жіктелгенге (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) жатпайтын валюталық стандартты кредиттер бойынша жүргізілуі мүмкін.
      Даму Банкінің қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау сыйақы ставкасы 11,5%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 6,5%-ға дейінгісін Бағдарлама Қатысушысы төлейді, ал 5%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Даму Банкі:
      Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      Кәсіпкердің кредит жөніндегі міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе басқа төлемдер алмайды.
      Даму Банкі берген кредиттер бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 9,5%-ға дейін төмендететін барлығы санаттардың валюталық кредиттері бойынша жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), оның 4,5%-ға дейінгісін борышкер төлейді, 5%-ын мемлекет өтейді.
      Бағамдық оң айырма туындаған жағдайда оны болашақтағы субсидиялар есебіне есептеп, ал бағамдық теріс айырма болған жағдайда - өтеу қарыз алушыға жүктелсін.";
      20-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер Даму Банкінің кредит(тер)і бойынша номиналды ставка жылдық 11%-дан төмен болса, онда 5%-ын мемлекет төлейді, ал айырмасын Борышкер төлейді.";
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Егер Банк, Даму Банкі және Борышкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарып отырса, онда бұл айырбастау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Борышкердің Субсидиялау шартын жасау күніне белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.";
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Бағдарламаның екінші бағытына қатысу үшін өтінімді Борышкер тек 2010 және 2011 жылдары ғана бере алады.;
      26-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер Борышкер кредитінің нысаналы мақсаты осы кредит бойынша қаражаттың нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардан басқа қоса қаржыландыру болып табылса, Кредитор Банк кредитті қоса қаржыландырудың бастапқы нысаналы пайдалануын растайтын құжаттарды береді.";
      "4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі" деген бөлімде:
      27, 27-1, 27-2, 27-3, 31, 35-тармақтарда "Банкке", "Банк", "Банктің", деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкіне", ", Даму Банкі", ", Даму Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Жұмыс тобы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының материалдарын қарайды және қарау қорытындысы бойынша Борышкердің Бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе қабылдамайды.
      Борышкердің негізгі борышының сомасына мерзімі өткен және/немесе жинақталған сыйақыны капиталдандыруды/валюталық кредитті теңгеге айырбастауды/кредитті қайта құрылымдауды/Борышкердің кредитін қайта қаржыландыруды ескере отырып, Жұмыс тобының хаттамасында көрсетілген Субсидиялауға жататын Борышкердің кредит сомасын Банктік қарыз шартын/Субсидиялау шартын жасасқан кезде Банк ұлғаю/азаю жағына өзгертуі мүмкін.";
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Қаржы агенті Жұмыс тобының шешімін алғаннан кейін Сауықтыру жоспарын тікелей Кредитор банкпен келіскен жағдайда Кредитор банктерді Кредитор банкті 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар ететін Кредиторлер комитетін құру кезінде ҚБА-ның қабылданған шешім, туралы хабардар етеді.";
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "52. Жұмыс тобы мақұлдаған жағдайда Кредитор банктер мен Борышкер борыштық міндеттемелер бойынша шарттарды қайта жасасады (қосымша келісімдер немесе жаңа Банктік қарыз шарттарын жасайды), онда мынадай шарттар айқындалады: кредиттер бойынша номиналды пайыздық ставка жылдық 12% дан аспайтын деңгейде тіркеледі, оның ішінде 7%-дан аспайтынын Борышкер төлейді, ал 5%-ын мемлекет өтейді. Егер кредит бойынша сыйақының номиналды ставкасы жылдық 12%-дан төмен болса, 5%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Борышкер төлейді.
      Жұмыс тобы мақұлдаған жағдайда Даму Банкі мен Борышкер борыштық міндеттемелер бойынша шарттарды қайта жасасады (қосымша келісімдер немесе жаңа Банктік қарыз шарттарын жасайды), онда мынадай шарттар айқындалады: кредиттер бойынша номиналды пайыздық ставка жылдық 11,5%-дан аспайтын деңгейде тіркеледі, оның ішінде 6,5%-ынын аспайтынын Борышкер төлейді, ал 5%-ын мемлекет өтейді. Егер кредит бойынша сыйақының номиналды ставкасы жылдық 11,5%-дан төмен болса, 5%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Борышкер төлейді";
      "5. Субсидиялау тетігі" деген бөлімде:
      55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тармақтарында "Банк", "Банкке", "Банктегі", "Банктен" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкіне ", Даму Банкіндегі", ", Даму Банкінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      55-тармақ мынадай бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер кредит бойынша сыйақы аудару Банк пен Борышкер Субсидиялау шартына қол қойған күн енгізілмейді.";
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "57. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Қаржы агенті Субсидиялау шартына төлем кестесін ескере отырып, тоқсан сайын аванстық төлемдермен Банктің Даму Банкінің ағымдағы есеп шотына аударуды жүзеге асырады.
      61-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Борышкер Банктің, Даму Банкінің кредиті бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдаймен бір мезгілде:
      қайта есептейді және Банктік қарыз шартына жаңа өтеу кестесін Борышкерге береді және Банк, Борышкер және Қаржы агенті арасында бұдан бұрынғы қолданыстағы Субсидиялау шартына Қосымша келісім немесе өтеу кестесінің өзгеруіне байланысты жаңа Субсидиялау шартын жасайды;
      аударылған сыйақы туралы және Қаржы агентіне берілетін Борышкердің жүргізген төлемі туралы ақпаратта жаңа деректерді көрсетеді.";
      "6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі" деген бөлімде:
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "65. Қаржы агентінің:
      Борышкер Банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес Банк, Даму Банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамаған;
      Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларының жүргізілуі;
      КҚК/Кредитор банк берген не мониторинг барысында Қаржы агенті белгілеген деректер бойынша Сауықтыру жоспарының орындалмау жағдайлары белгіленгенде Борышкерді Субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар.";
      66, 69-тармақтарда "Банкті", "Банкке", "Банк" деген сөздерден кейін тиісінше мынадай ", Даму Банкін", ", Даму Банкіне", ", Даму Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "68. Мемлекеттік комиссияның қарау нәтижелер бойынша Қаржы агенті:
      1) Борышкерді Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда:
      Банкті, Даму Банкін және Борышкерді Субсидиялар төлеуді қалпына келтіру туралы хабардар етеді;
      Банкке және Даму Банкіне Субсидиялау тоқтата тұрылған сәттен бастап төленуге тиіс барлық қажетті төлемдерді жүргізеді;
      2) Борышкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда:
      Борышкерге, Банкке және Даму Банкіне Субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді онда Субсидиялау шартының бұзылу күні мен бұзу себебін көрсетеді.
      "7. Бағдарламаны бақылау" деген тараудың 71, 72-тармақтарындағы "Банк", "Банктен" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", ", Даму Банкінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесінде:
      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімде:
      1-тармақтағы "екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздерден кейін ", Даму Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "2. Терминдер мен анықтамалар" деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Даму Банкі"      "Ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан
                        "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы;";
      "Субсидиялау шарты", "Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК)", "Субсилиялау", "Субсидиялар", "Банк кредиті (бұдан әрі - кредит)" деген жолдардағы "Банк", "Банктер", "Банкке" деген сөздерден кейін тиісінше, "Даму Банкі", ", Даму Банкіне", деген сөздермен толықтырылсын;
      "Банктік қарыз шарты" деген жолы мынадай мазмұнда жазылсын:
"Банктік қарыз шарты     Шарттары бойынша Банк, Даму Банкі Кәсіпкерге
                         кредит беретін Банк, Даму Банкі және
                         Кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім.
                         Қарыз шартына Кредит желісін ашу туралы
                         келісім де жатады;";
      екінші бағандағы "Мемлекеттік даму институттары" деген жолдағы
"Экономиканың" деген сөз "Даму Банкін қоспағанда, экономиканың" деген
сөздермен ауыстырылсын;
      "3. Субсидияларды беру шарттары" деген бөлімде:
      10, 13, 16-тармақтарда "Банктер", "Банк" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкі", деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің (-тердің) сомасы Кәсіпкердің әрбір жеке Жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы Кәсіпкермен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті(-тері) бойынша берешекті есепке алмай, оның әрбір жобасына жеке есептеледі. Егер кредит(тер)дің /Кәсіпкердің жеке Жобасына берілген кредит бойынша негізгі борыш қалдығының жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеден асқан жағдайда, Кәсіпкер бір Жоба бойынша 4,5 млрд. теңге шеңберінде Субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алуға құқылы.";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Субсидиялау сыйақының номиналды ставкасы жылдық 14%-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 6%-дан аспайтынын Кәсіпкер төлейді, ал 8%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте, Банк:
      Кәсіпкер бастамашы болатын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын Банктер 12%-ға дейін төмендететін, оның 7%-ға дейінгісін борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Даму Банкінің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау пайыздық ставкасы 13%-дан аспайтын, оның ішінде 5%-ға дейінгісін Бағдарламаға Қатысушысы төлейтін, ал 8%-ын мемлекет өтейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Даму Банкі берген кредиттер бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) Даму Банкі сыйақы ставкасын 11%-ға дейін төмендететін, оның 6%-ға дейінгісін борышкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін барлық санаттардың валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда оны болашақ субсидиялар есебіне есептелсін, ал бағамдық айырма теріс болғанда - өтем қарыз алушыға жүктелсін.";
      15-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер Даму Банкінің кредиті (-тері) бойынша жылдық номиналды сыйақы ставкасы 13%-дан төмен болса, онда 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Кәсіпкер төлейді, Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша егер кредит(-тер) бойынша жылдық номиналды сыйақы ставкасы 11%-дан төмен болса, онда 7%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Кәсіпкер төлейді.";
      "4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі" деген бөлімдегі 17, 18, 19, 27-тармақтарда "Банкке", "Банкті", "Банк" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкіне", ", Даму Банкін", ", Даму Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      Уәкілетті органға келісу үшін ӨҮК хаттамасы мен (мақұлданған/бас тартылған) Кәсіпкерлер бойынша құжаттардың барлық пакетін;
      Кәсіпкермен Субсидиялау шартын жасасу үшін дайындық іс-шараларын жүргізу үшін Банкке, Даму Банкіне және Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын жібереді.";
      "5. Субсидиялау тетігі деген бөлімде:
      28, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38-тармақтарда "Банк", "Банкке", "Банктен", "Банктегі" деген сөздерден кейін тиісінше "Даму Банкі", ", Даму Банкіне", ", Даму Банкінен", ", Даму Банкіндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Банк, Даму Банкі Қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарттары бойынша субсидиялау сомаларын аудару үшін жаңа ағымдағы шотты ашады. Банк, Даму Банкі Қаржы агентінің субсидиялау сомаларын осы Ережеде белгіленген тәртіппен жаңа ағымдағы шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.
      Субсидиялар сомасын Қаржы агенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.";
      "6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі" деген бөлімде:
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "40. Қаржы агентінің мынадай фактілер белгілі болған жағдайда Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар:
      1) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларының жүргізілуі;
      2) Кәсіпкердің Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне сәйкес Банк алдындағы төлемдерін төлеу бойынша міндеттемелерді 3(үш) ай қатарынан орындамауы.";
      41, 46, 47, 48-тармақтарда "Банкті", "Банкке", "Банк" деген сөздерден кейін тиісінше ", Даму Банкін", ", Даму Банкіне", ",Даму Банкі" сөздермен толықтырылсын;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы рәсімделгеннен кейін оны 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру мүмкіндігін қарау үшін Уәкілетті органға;
      мәлімет үшін Банкке, Даму Банкіне және Қаржы агентіне жібереді.";
      3) "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы 783 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Шардарбеков         - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік
Еркін Шәріпбекұлы     қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                      бойынша),

Қалибеков           - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік
Бекжан Жантөреұлы     қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                      бойынша),

Рау                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа
Альберт Павлович      технологиялар бірінші вице-министрі,

Ырсалиев            - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Серік Әзтайұлы        вице-министрі,

Төлебаев            - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Еркінұлы        вице-министрі;

      мына:

"Ибрагимова         - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік
Ләззат Еркенқызы      қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары
                      (келісім бойынша)"
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Ибрагимова         - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Ләззат Еркенқызы      акционерлік қоғамының Басқарма
                      төрайымы, төрағаның орынбасары (келісім
                      бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Марат Әбілахатұлы Оразаев, Берік Сайлауұлы Камалиев, Махаметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков және Болат Тельманұлы Мұқышев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов