«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 766 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификаты - азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі – сертификат);
3) жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ) – авиациялық техниканы пайдалану кезінде пайдаланылатын отындардың, майлардың, жағармайдың және барлық маркідегі арнайы сұйықтықтардың жалпы атауы;
4) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық зерттеу рәсімдерінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
5) өтініш беруші – азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;
6) сертификаттау талаптары – азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі – ЖЖМҚҰ) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін сертификаттау талаптары;
7) сертификаттық зерттеу – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарды сертификаттау талаптарына сәйкестігіне тексеру.
2. Сертификаттау тәртібі
3. ЖЖМҚҰ-ны сертификаттау тәртібі рәсімдердің мынадай дәйектілігін көздейді:
1) өтініш берушінің уәкілетті органға сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім беруі;
2) уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
3) уәкілетті орган комиссиясының сертификаттық зерттеу орнына барып, Комиссияның сертификаттық зерттеу жүргізуі;
4) уәкілетті органның шешім қабылдауы және сертификат беруі (берудн бас тартуы).
4. Өтінімге Өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беруі тиіс:
1) жарғысының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің сертификатқа міндеттемесі;
3) Өтініш берушіге уәкілетті органның қарамағындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын ұйым сертификаттық зерттеуге берген алдын ала қорытындының көшірмесі;
4) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініш берушінің және (немесе) жанар-жағармай материалдары қызметтерінің құрылымы;
5) технологиялық жабдықтардың тізбесі және олардың техникалық сипаттамасы;
6) авиаотынды теміржол цистерналарынан қабылдаудан бастап әуе кемесіне құйғанға дейінгі операциялардың және ЖЖМ сапасын бақылаудың Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен технологиялық карталарының көшірмелері;
7) Өтініш берушінің азаматтық авиация ұйымдарының басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жоспары;
8) авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарының (ЖЖМ қызметтері) инженерлік-техникалық құрам бойынша деректері, лауазымдары және орындайтын функциялары көрсетілген Өтініш беруші қызметкерлерінің тізімі;
9) Өтініш берушінің штатында жұмыс істейтін қызметкерлердің арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы Өтініш беруші шығарған бұйрық;
10) Өтініш берушінің штатында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы машиналардың әуе кемесіне баруына (одан кетуіне) басшылық жасау жөніндегі жұмысқа рұқсат беру туралы Өтініш беруші шығарған бұйрық;
11) Өтініш берушіге аккредиттеу жөніндегі орган берген ЖЖМ зертханаларын аккредиттеу аттестаты;
12) Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен өлшем бірліктерін тексеру кестесі;
13) Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен ЖЖМҚҰ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
14) Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен:
жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулық;
жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;
лауазымдық нұсқаулықтар;
технологиялық нұсқаулықтар;
жанар-жағармай материалдары қоймасының, сорғы станцияларының және ысырмаларды басқарудың технологиялық схемалары;
сорғы станцияларын басқарудың электрлі схемалары;
15) статикалық электр жерлендiргiш құрылғыларын және жайтартқыштарды тексеру актілері;
16) инженер-техникалық және басшы персоналды оқыту және техникалық даярлау, олардың біліктілігін арттыру жоспары, сондай-ақ штатты жасақтау және кадрлар резервін дайындау жоспарлары.
Осы тармақтың 2) – 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттар бірінші басшының қолымен куәландырылған көшірмелер түрінде және өтініш берушінің мөрімен ұсынылады.
5. Сертификаттаудың ең ұзақ мерзімі уәкілетті орган өтінімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
3. Өтінім бойынша алдын ала бағалау жүргізу және шешім қабылдау тәртібі
6. Уәкілетті орган өтінім мен берілген құжаттар бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асырады және қарау нәтижелері бойынша осы Қағиданың 8 және 9-тармақтарының 1), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш берушіге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ЖЖМҚҰ-ға сертификаттау жүргізуге өтінімінің қабылданғаны туралы шешімді жібереді.
7. Өтінімді алдын ала бағалау кезінде:
1) өтініш берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;
2) өтініш берушінің осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігі белгіленеді.
8. Өтінімді алдын ала бағалау барысында уәкілетті орган:
1) өтініш берушіден өтінімде берілген барлық мәселелер бойынша қосымша ақпаратты жазбаша сұратады;
2) өтініш берушіге сертификаттау рәсімдері, өтініш беруші сертификатталатын сертификаттау талаптары туралы хабарлайды;
3) өтініш берушінің қызметкерлері штатының жасақталуы және кадрлар даярлау жүйесі мәселелерін қарайды;
4) сертификат берген кезде қандай пайдалану және техникалық шектеулер белгіленетінін өтініш берушіге түсіндіреді;
5) өтінімді алдын ала бағалау барысында анықталған кемшіліктердің тізбесімен хабарламаны және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды өтініш берушіге жібереді.
9. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе немесе толық көлемде берілмесе, уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде негізделген ескертулерді хабарлайды және/немесе осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген жетіспейтін құжаттарды сұратады. Бұл ретте сертификаттау мерзімі уәкілетті орган өтініш берушіге ескертулер берген сәттен бастап ескертулерді жою және/немесе өтініш беруші толық құжаттар пакетін ұсынған күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.
10. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеу жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құру туралы шешім шығарады.
Комиссия белгіленген тәртіппен ЖЖМҚҰ-ның сертификаттау талаптарына сәйкестігіне сертификаттық зерттеу жүргізеді.
4. Сертификаттық зерттеу жүргізумен сертификатты беру тәртібі
11. Сертификаттық зерттеу кезінде Комиссия сертификаттық зерттеу жүргізу орнына барады және мыналарды:
1) ЖЖМҚҰ-ның ұйымдық құрылымын;
2) ЖЖМҚҰ-ның ақпараттық және құжаттамалық базасын;
3) ЖЖМҚҰ-ның техникалық жарақталуын;
4) ЖЖМҚҰ объектілерінің нақты жай-күйі мен олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін қарайды.
12. Сертификаттық зерттеу мерзімі өтінім бойынша шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
13. Сертификаттық зерттеу осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеудің үлгілік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
14. Сертификаттық зерттеу нәтижелері бойынша Комиссия ЖЖМҚҰ-ның жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетілген осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес екі данада сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды. Актіге Комиссияның барлық мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысу үшін беріледі.
15. Сертификаттың ұсынылатын үш жылдан аспайтын қолданылу мерзімі көрсетілген сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытынды жазылған Комиссия Актісі сертификат беру үшін негіз болып табылады.
16. Уәкілетті орган осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес сертификатты ресімдеу мен беруді акт жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүргізеді.
Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа адамға берілуі мүмкін емес.
17. Егер:
1) Комиссияның тиісті Актісінде сертификаттау талаптарына ЖЖМҚҰ-ның сәйкессіздігі белгіленсе;
2) соттың өтініш берушіге қатысты азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуге тыйым салатын шешімі болған жағдайларда, сертификат беруден бас тартылады.
18. Сертификат беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себебі көрсетілген жазбаша дәлелді жауап беріледі.
19. Уәкілетті орган:
1) ЖЖМҚҰ сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда;
2) осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес өтініш беруші қабылдаған міндеттемелерін сақтамаған жағдайда.
Уәкілетті орган сертификаттың қолданылу мерзімін тоқтата тұру туралы шешімді Заңның 10-бабына сәйкес уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүргізген тексерулер мен өзге де бақылау қорытындылары бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
3) сертификаты бар ЖЖМҚҰ-ның өтініші бойынша сертификаттың қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрады.
20. Тоқтатыла тұрған сертификаттың қолданысын уәкілетті орган:
1) сертификаты бар ЖЖМҚҰ анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін және уәкілетті органға анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін – осы Қағиданың 19-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша;
2) сертификаты бар ЖЖМҚҰ сертификаттың қолданысын қалпына келтіру туралы еркін нысандағы өтінішін бергеннен кейін – осы Қағиданың 19-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қалпына келтіреді.
21. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім, егер сертификаты бар ЖЖМҚҰ тоқтата тұру себептерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоя алатын жағдайда қабылданады. Тоқтата тұру себептерін жою мүмкін болмаған жағдайда сертификат қайтарылып алынады.
22. Сертификат тоқтатыла тұрған жағдайда немесе қайтарылып алынғанда уәкілетті орган сертификаты бар ЖЖМҚҰ-ға сертификатты тоқтата тұру мерзімін немесе қайтарып алу себептерін көрсетіп және негіздей отырып, сертификатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы тиісті шешімді жібереді.
Сертификаты бар ЖЖМҚҰ сертификатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу себептерімен (немесе) мерзімімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
23. Сертификат қайтарылып алынған жағдайда оны қайта беру осы Қағидада көзделген тәртіппен сертификаттау жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
24. Сертификаты бар ЖЖМҚҰ атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және сертификаттау талаптарының сәйкессіздігіне әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерістер болғанда сертификатқа тиісті өзгерістер енгізіледі.
Сертификатқа өзгерістер енгізілген кезде бұрын берілген сертификаттың тіркеу нөмірі сақталады, ал уәкілетті орган жүргізетін Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдардың Сертификаттарын беру тізіліміне бұл туралы тиісті жазба жазылады.
25. Сертификат бүлінген немесе жоғалған жағдайда, уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын береді.
26. Сертификаттың телнұсқасын алу үшін сертификаты бар ЖЖМҚҰ уәкілетті органға сертификаттың бүлінгенін немесе жоғалғанын растайтын негіздемесімен мен құжаттарымен бірге еркін нысандағы өтініш және бұрын берілген сертификатты (жоғалған жағдайдан басқа) береді.
27. Сертификатқа өзгерістер енгізу үшін сертификаты бар ЖЖМҚҰ уәкілетті органға бұл өзгерістер басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті өзгерістерді растайтын негіздемелерімен және құжаттармен бірге еркін нысандағы өтініш және бұрын берілген сертификатты береді.
28. Сертификаттың телнұсқасын беруді және сертификатқа өзгерістер енгізуді уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде жүргізеді.
Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
1-қосымша
Уәкілетті органның атауы Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша ұйымды сертификаттық зерттеу жүргізуге
Ө Т І Н І М
1.___________________________________________________________________
(Авиакәсіпорнының авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның атауы)
2. __________________________________________________________________
(басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
3. ЖЖМ қызметінің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне
сертификаттық зерттеу жүргізуді өтінеді.
4. Ұйым туралы мәліметтер:
1) Меншік нысаны ____________________________________________________
2) Тіркеу туралы куәлік _____________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берді)
3) Банктік реквизиттер ______________________________________________
(е/ш №, кор.шот,МФО, банктің атауы және орналасқан жері)
4) Заңды мекенжайы және басқа да реквизиттер ________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық мекенжайы, тел., факс, АФТН және т.б.)
5. Қоса берілген құжаттар: __________________________________________
(дәлелді құжаттамалар пакеті неше парақта)
Басшы: ___________________________________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Бас бухгалтер: __________________________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Күні ________________
М.О.
Құжаттарды қабылдады: ________________________ 20 ж. «__»____________
(уәкілетті органның лауазымды тұлғасы)
Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
2-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификатына өтінім берушінің МІНДЕТТЕМЕСІ
Мен, _____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
______________________________________________________ азаматтық әуе
кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі
ұйым _______________________________________________________________,
(нормативтік құжаттар атауы)
сертификаттық талаптарына сәйкес келетінін, құжаттамада берілген ақпарат азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның нақты жағдайына сәйкес келетінін растаймын және
1) сертификаттық талаптар мен нормативтік құжаттама ережелеріне сәйкес сұйық қойманы, сорғы станциясын, құю пункттерін, құбыр жолдарын және ЖЖМ қызметінің басқа да объектілерін пайдалануға және күтіп ұстауға;
2) сертификаттық талаптар мен нормативтік құжаттамалар ережелеріне сәйкес авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың сақталуын, құюға беруге дайындауды және сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге;
3) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификаттық және нормативтік талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде әуежайда полеттардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шектеулер енгізуге және бұл туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндеттенемін.
Ұйым басшысы: _______________________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О. 20 ж. «__»__________
Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
3-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттауды 20_жылғы «_»_____ жүргізуге берген өтінім бойынша
ШЕШІМ
Сіздің азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материаларымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттауға берілген өтініміңіз бен құжаттамаңызды қарап, төмендегілерді хабарлаймыз:
1. Сертификаттық зерттеу ___ бастап ____ дейінгі мерзімде жүргізіледі.
2. Зерттеу ____________________________________________________
(нормативтік актілердің атауы және нұсқауы)
________________________________ талаптарына сай келуіне жүргізіледі.
3. Сертификаттық зерттеу ______________________________________ _____________________________________________________________________
(ұйым атауы, мекенжайы)
_________________________________ объектілерін тексеру жолымен жүзеге
асырылады.
4. Жұмыстар ____________________________ негізінде жүргізіледі.
Ұйым басшысы: _________________________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
МО 20__ ж. «___»___________
Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
4-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттық зерттеудің
үлгі бағдарламасы
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Тексеру күні, бұйрық нөмірі _________________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә, лауазымдары: _________________________________
_________________________________
№ | Тексерілетін элемент |
Сәйкестікті бағалау (+/-) | Сәйкессіздік ұстанымының нөмірі |
---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дәлелдеу құжаттамасының болуы | |||
1.1 |
Акционерлік қоғамның жарғысы |
||
1.2 |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік |
||
1.3 |
Жер учаскесін пайдалану құқығының актісі |
||
1.4 |
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы |
||
1.5 |
Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы |
||
1.6 |
Сақтандырудың міндетті түрлерін растайтын сақтандыру полистері |
||
1.7 |
ЖЖМ қызметі туралы ереже |
||
1.8 |
Авиаотынмен қамтамасыз етудегі операциялар |
||
1.9 |
Авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің бақылау операцияларының технологиялық картасы |
||
1.10 |
ЖЖМ қызметінің әуежайдың қызметтерімен өзара іс-қимыл схемасы |
||
1.11 |
Қолданыстағы авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің сипаттамасы |
||
1.12 |
АОЦ-дан қабылдаудан әуе кемесіне бергенге дейінгі авиаотынның сапасын бақылау схемасы |
||
1.13 |
Жанар-жағармай материалдарының сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық |
||
1.14 |
Жалпы сипаттағы авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі нормативті және нұсқаулық құжаттамалардың тізбесі |
||
1.15 |
Техникалық персонал жөніндегі жиынтық деректер |
||
1.16 |
ЖЖМ қызметі қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
||
1.17 |
ЖЖМ қызметінің құрылымы |
||
1.18 |
ЖЖМ қоймасы мен ЖЖМ зертханасының өлшеу құралдарын есепке алу ведомосы |
||
1.19 |
Өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру кестесі |
||
1.20 |
Резервуарларды тазалау кестесі |
||
1.21 |
Өрт сөндіру қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтар тізбесі |
||
1.22 |
Лауазымдық нұсқаулықтар тізбесі |
||
1.23 |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулықтар тізбесі |
||
1.24 |
Сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты |
||
1.25 |
Қойманы және ысырмаларды басқарудың технологиялық схемасы |
||
2. Өндірісті ұйымдастыру және басқару | НҚА атауы |
||
2.1 |
Лауазымды тұлғалар арасындағы міндеттерді, өкілеттікті және жауапкершіліктерді бөлу сәйкестігі |
||
2.2 |
ЖЖМ қызметі штатының толықтырылуы, штаттық кестесі |
||
2.3 |
Мамандардың біліктілігін арттыру |
||
2.4 |
Басқару, нормативті-техникалық және технологиялық құжаттамалармен қамтамасыз ету |
||
2.5 |
Технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету |
||
2.6 |
Персоналдың міндеттерін және жауапкершіліктерін белгілеу және сәйкестендіру |
||
2.7 |
Персоналға міндеттерін атқаруына рұқсат беру (Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы бұйрық (КҚМ және КЖМ), Арнайы машиналардың келуі және кетуі басшылығы бойынша жұмыстарға рұқсат беру туралы бұйрық) |
3. АвиаЖЖМ мен арнайы сұйықтықтардың сапасын бақылау | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
3.1. Кіріс бақылауы | |||
3.1.1 |
Көлік құралдарының және олардағы өнімдердің ілеспе құжаттамамен сәйкестігін белгілеу |
||
3.1.2 |
Келіп түскен авиаЖЖМ және арнайы сұйықтықтардың тазалығын бағалау |
||
3.1.3 |
АвиаЖЖМ және арнайы сұйықтықтардың салмақтық тығыздығын талдау |
||
3.1.4 |
Кіріс бақылауының (журналының) нәтижелері бойынша құжаттамаларды жүргізу |
||
3.2. Қабылдауды бақылау | НҚА атауы |
||
3.2.1 |
Өнімді талдау нәтижелерін және оның паспорттық деректерге және МемСТ-ке сәйкестігін тексеру |
||
3.2.2 |
Сынақ зертханаларын аккредиттеу аттестатын есепке ала отырып, авиациялық керосин үшін массалық тығыздығына, фракциялық құрамына, тұтқырлығына, қышқылдығына, жарық температурасына, кристалданудың басталу температурасына, нақты шайыр құрамына, суда еритін қышқылдар мен сілтіге талдау жасау |
||
3.2.3 |
Жарамдылық талдауды ресімдеу |
||
3.3. Қоймалық бақылау | |||
3.3.1 |
Бақылаудың кезеңділігін сақтау |
||
3.3.2 |
МемСТ талаптарына сәйкестігін талдау және растау |
||
3.4. Әуеайлақтық бақылау | |||
3.4.1 |
Салмақтық тығыздылығы |
||
3.4.2 |
Шығыс резервуардағы, тазалау және құю құралдарындағы өнімнің тазалығы |
||
3.4.3 |
Авиамайлардың (3.1 -3.4-т. ұқсас) және арнайы сұйықтықтарды кіріс, қабылдауды және қоймалық бақылау |
||
3.4.4 |
Пробаларды іріктеу және оларды тасымалдау |
||
4. АвиаЖЖМ мен арнайы сұйықтықтарды құюға беруге дайындау | НҚА атауы |
||
4.1. Қоймаға қабылдау кезінде талаптарды сақтау | |||
4.1.1 |
Технологиялық жабдықтардың жарамдылығын тексеру. Регламенттік жұмыстардың орындалуы |
||
4.1.2 |
Тауарасты судың болуын анықтау |
||
4.1.3 |
Резервуардағы авиаЖЖМ және арнайы сұйықтық қалдығының тазалығын, олардың сапасын және маркасын бақылау |
4.1.4 |
Резервуардағы қалдықты тексеру |
||
4.1.5 |
Теміржол эстакадасының жай-күйі (бар болса) |
||
4.1.6 |
Т/ж цистерналарына төмен және жоғары құюға арналған қондырғы |
||
4.1.7 |
Жерге орнату тросы және өтпелі көпірлердің жай-күйі |
||
4.1.8 |
Паспорттың болуы және олардың МемСТ талаптарына сәйкестігі |
||
4.1.9 |
Нүктелік пробаларды іріктеу |
||
4.1.10 |
Құю аяқталғаннан кейін (30 минуттан соң) қабылдау бақылау үшін донналық және нүктелік пробаларды іріктеу |
||
4.1.11 |
Ыдысқа өнімнің келіп түсуін бақылау (дайындаушы паспорты, ыдыстағы таңба және ыдыстың бүтіндігі) |
||
4.2. Сақтау және қоймаішілік қайта құюлар | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
4.2.1 |
Сақтау мерзімдерін сақтау |
||
4.2.2 |
АвиаЖЖМ мен арнайы сұйықтықтар сапасын өзгерту және араластыру жағдайларын болдырмау |
||
4.2.3 |
Қайта құю кезінде АвиаЖЖМ және арнайы сұйықтықтардың сапасының өзгеру жағдайларын болдырмау |
||
4.2.4 |
Қайта құю басталғанға дейін талдау жүргізу (тығыздықты талдау, тазалық деңгейін тексеру, қайта құю желілеріндегі тазалау құралдарынан қалдықты төгу) |
||
4.2.5 |
Тазалау құралдарындағы қысым ауысуын бақылау |
||
4.2.6 |
Резервуарлық журналды жүргізу |
||
5. АвиаЖЖМ ӘК-ке құюға беру | НҚА атауы |
||
5.1 |
Өнімнің жарамдылығын тексеру және құюға беру, өнімнің тазалық деңгейін тексеру үшін пробалар мерзімін сақтау, іріктеу орындары |
||
5.2 |
Нысандарды сақтау және резервуарлық журналға немесе бақылау талонына жазуды енгізу (ОҚС, ҚК немесе құю колонкалары болғанда) |
||
5.3 |
Құю құралдарынан тазалық деңгейін, құю пункттеріндегі су бөлуді, (ауысымда 1 реттен кем емес) сондай-ақ ОҚ, МҚ және ҚК тексеру мерзімдерін сақтау |
5.4 |
Қысым ауысуы бойынша құю пунктеріндегі субөлу және сүзу құралдарының жұмыс қабілетін бағалау (ауысымда 1 рет) және қысым ауысуын өлшеу журналын толтыру |
||
5.5 |
Авиаотынның құрамында КҚС тексеру үшін сынамаларды іріктеу (ауысымда 1 реттен кем емес) |
||
5.6 |
Құюдың жылжымалы құралдарын және технологиялық жабдықтарын ауысым басталар алдындағы жай-күйін тексеру (АТК және ЖЖМ өкілдерінің қатысуымен). Әуе кемесіне отын құюға рұқсат беру жөніндегі журналды жүргізу |
||
5.7 |
Бақылау талондарының болуы және дұрыс ресімделуі |
||
5.8 |
Ұшу алаңындағы құю және гидрантты колонкаларда және құю құралдарындағы ұшу алаңында өнімнің тазалығын тексеру |
||
5.9 |
Зауыттық орамдағы авиаЖЖМ және арнайы сұйықтықтарды беру кезінде талаптарды сақтау. Осындай ЖЖМ шығындауда сапаны бақылау |
||
5.10 |
ОБИ (ПОЗТ жабдығы) көмегімен механикалық қосындылардың судың болуын тексеру. |
||
6. АвиаЖЖМ зертханасы | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
6.1 |
Сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының болуы |
||
6.2 |
ЖЖМ және арнайы сұйықтықтарды толық талап етілетін талдау өткізу үшін жабдықтардың және аспаптардың болуы |
||
6.3 |
Аспаптар мен жабдықтарды дайындаушы зауыттардың техникалық құжаттамаларының бар болуы |
||
6.4 |
Зертхана өлшеу құралдарының тізбесі және мемлекеттік тексеру мерзімдерін сақтау |
||
6.5 |
Жабдықтардың жерге орнату контурлары және жерге орналастыратын элементтер мен жерге орналыстырғыштардың кедергісін өлшеу арасында шынжырдың болуын тексеру хаттамасы |
||
6.6 |
Құжаттамаларды жүргізу (журналдар, актілер, талдаулар) |
||
6.7 |
Сору желдеткішінің болуы және тиімді жұмыс істеуі |
6.8 |
Таразылар мен таразы бөлмесі |
||
6.9 |
Газ желісі және газ баллоны орналасқан орын |
||
7. Қоймадағы авиаЖЖМ және арнайы сұйықтық мөлшерін және сапасын сақтауды қамтамасыз ету | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
7.1 |
Коммуникацияның, сыйымдылықтың және ыдыстың герметикалығының сақталмауынан қоймадағы авиаЖЖМ және арнайы сұйықтық сапасының өзгеруіне, ЖЖМ басқа түрлерімен араласуына, сулануына жол бермеу |
||
7.2 |
Авиаотынды қабылдау және сақтау жөнінде сыйымдылықтың және басқа да жабдықтың қажет болғанда аузын қаптамамен жабу |
||
7.3 |
Қабылдау құбыр төменгі нүктесіндегі қалдықты ағызу кранының болуы |
||
7.4 |
Ағызу магистралында сорғы агрегаттарының сору желілерінде қорғаныс торғы сүзгінің болуы |
||
7.5 |
Алдын ала сүзгіден өткізу немесе ұқсас жабдық пунктінде манометрлармен ФГН-120 немесе ФОСН-400 болуы |
||
7.6 |
Резервуарларда тыныс алу клапандарының, тауарасты суларды және қалдық ағындыларын жоюға, сынамаларды іріктеуге арналған қондырғының болуы |
||
7.7 |
Резервуарлардың ішкі тоттануға қарсы жарамды жамылғысының болуы |
||
7.8 |
Резервуарларда екіқұбырлы байлаудың болуы |
||
7.9 |
Авиакеросинді сақтауға арналған тазалау сыйымдылықтарының (резервуарлардың) кестесі |
||
7.10 |
Сыйымдылықты тазалау сызбасы (кристалға қарсы сұйықтықты және авиациялық майларды сақтауға арналған сыйымдылықтар) |
||
7.11 |
ОҚ немесе ОҚС-ға авиаотынды беруге сүзу пункті жабдығының (ТФ-10 сүзгісі, ТФБ сүзгісі, СТ-2500 сүзгі-бөлушісі) бар болуы және сәйкестігі |
||
7.12 |
Сүзу пунктінде қалдықты құюға арналған коллектордың, ал тазалау және су бөлу құралдарында манометрдің болуы |
||
7.13 |
ОҚ сүзгілерінің ТФБ сүзу элементтерімен немесе ұқсас жабдықтармен қамтамасыз етілуі |
7.14 |
Өтпелі құю агрегаттарының сүзгі-субөлу жабдықтары |
||
7.15 |
Авиаотынға КҚС беру желілерінде никелді торынан сүзу элементтерімен қоса, отын немесе гидравликалық ұшақ сүзгісінің болуы (12 ТФ 29CM үлгісінде немесе ұқсас түрлері) |
||
7.16 |
ОҚ, МҚ сыйымдылықтарын тазалау сызбасының болуы және орындалуы. Тазалау мерзімдерін сақтау |
||
7.17 |
Ыдыстарды сақтайтын орын немесе ЖЖМ және арнайы сұйықтықты сақтауға арналған алаңдар |
||
7.18 |
Мұнайаулағыштар. ЖЖМ жинауға арналған қалдықтарды және сыйымдылықтарды тазалау сүзгісі |
||
7.19 |
Өңделген мұнай өнімдерін жинау |
||
8. Қоймалардың және ЖЖМ қызметінің басқа да объектілерін техникалық пайдалану | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
8.1 Сорғы станциялары | |||
8.1.1 |
Сорғыларды құбырлармен және резервуарлармен байлау схемасы |
||
8.1.2 |
Электр бөлігінің схемасы |
||
8.1.3 |
Агрегаттарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар |
||
8.1.4 |
Ысырмаларды және сорғы станцияларын басқару схемасының бар болуы |
||
8.1.5 |
Жерге орнату контуры схемасының болуы |
||
8.1.6 |
ҚТ және ӨҚ жөніндегі нұсқаулық |
||
8.2. Құбырлар | НҚА атауы |
||
8.2.1 |
Кәсіпорын басшысы бекіткен технологиялық схема |
||
8.2.2 |
Құбырларға және резервуарларға градуиродты кесте |
||
8.2.3 |
Құбырларды пайдалану жөнінде нұсқаулықтар (ОҚС бар болса) |
||
8.2.4 |
Жерасты құбырларының катодты қорғанысы қорғалатын құбырда әлеуетті тексеру — жылына 4 рет) (бар болса) |
||
8.2.5 |
Құбырлардың жерасты жолдарын белгілеу |
||
8.2.6 |
Құбырды бояу және таңбалау |
||
8.3. Резервуарлық парк | НҚА атауы |
||
8.3.1 |
Тігінен және көлденең резервуарларға арналған жабдық жиынтығының толықтығы |
8.3.2 |
Резервуар паспорттарының, градуиродты кестелердің, найзағайдан қорғау схемасының болуы |
||
8.3.3 |
Пайдаланатын резервуарлардың тоттануға қарсы жамылғысының болуы |
||
8.3.4 |
Найзағайдан қорғау тексеру актісінің болуы |
||
8.3.5 |
Резервуарларды пайдалану (техқызмет көрсету, дефектоскопия) |
||
8.3.6 |
Резервуарлар немесе резервуар топтарының құлау жай-күйі |
||
8.3.7 |
Резервуарлық паркті тазалау (тазалау кестесі – авиаотын үшін жылына 2 рет, авиамайлар үшін — жылына 1 рет, КҚС – жылына 2 рет, ОҚ, МҚ – жылына 1 рет) |
||
8.3.8 |
ЖЖМ қоймасының аумағына шөптен тазарту |
||
8.4. Құю пункттері | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
8.4.1 |
Төмен құю аспабының болуы |
||
8.4.2 |
Жіберілген отын мөлшерін есепке алу |
||
8.4.3 |
Қажетті КҚС қажетті мөлшерін қосу |
||
8.4.4 |
Статистикалық электрлендірудің зарядтарын нейтралдау |
||
8.4.5 |
Жабдықты гидравликалық соққыдан қорғау (бар болса) |
||
8.4.6 |
Дистанциялық немесе автоматты жіберу, сорғыны тоқтату |
||
8.4.7 |
Берілген деңгейге дейін ОҚ сыйымдылығы толғаннан кейін отынды жіберуді автоматты тоқтату |
||
8.4.8 |
Қалдықты құю кезінде отынды жинау және пайдаға асыру |
||
8.4.9 |
Төгілген отынды шаю және жинау |
||
8.4.10 |
Авиаотын шығынын және қысымын бақылау |
||
8.4.11 |
Сүзу және субөлу |
||
9. АвиаЖЖМ-ге арналған шығыс | НҚА атауы |
||
9.1 |
Түтік құбырларды сақтау |
||
9.2 |
Түтік құбырларды гидравликалық сынау: |
||
9.3 |
Сынау нәтижелері бойынша құжаттарды ресімдеу |
||
9.4 |
Стренг тұтастығын тексеру |
||
9.5 |
Сынау нәтижесі бойынша актілерді ресімдеу және құю құралдарының формулярына және журналға енгізу |
10. Қоймалардың технологиялық жабдығын бояу және таңбалау | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
10.1 |
Авиотын, авиабензин, авиамай және өртке қарсы құралдарды бояудың тану белгілерін сақтау |
||
10.2 |
Құбырды бояу және авиаотын қозғалысының бағытын таңбалау (сызумен немесе қалқанда) |
||
10.3 |
Резервуарларда жазудың болуы (өрт қауіпті, сақталатын мұнай өнімінің маркасы және резервуар нөмірі) |
||
10.4 |
Тығындау арматурасының бояу және оның таңбалауы |
||
10.5 |
Отын құятын көлік құралдарын бояу |
||
11. Отын құюдың жылжымалы құралдары | НҚА атауы |
||
11.1 |
Тарату шлангтарына гидравликалық сынақ жүргізу |
||
11.2 |
Тарату шлангының стренг тұтастығын тексеру |
||
11.3 |
Жерге орнатудың электр тростарының бүтіндігі және болуы, әлеуетті теңестіру |
||
11.4 |
Отын құю құралдарындағы сүзгі элементтерін ауыстыру |
||
11.5 |
ОҚ, МҚ сыйымдылықтарын, ПВКЖ бактарын тазалау |
||
11.6 |
Отын құюдың жылжымалы құралдарында кезеңдік жұмыстарды орындау журналы |
||
11.7 |
Өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру (манометрлер және т.б.) |
||
12. ЖЖМ қызметін метрологиялық қамтамасыз ету | НҚА атауы |
||
12.1 |
Қолданылатын өлшеу құралдары номенклатурасының болуы және оларды есепке алу |
||
12.2 |
Метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық |
||
12.3 |
Мемлекеттік тексеруге тиісті өлшеу құралдарының тізбесі |
||
12.4 |
Өлшеу құралдарын тексеру кестесі |
||
12.5 |
Резервуардағы мұнай өнімдерінің көлемін анықтау үшін 1 см интервалмен градуирлеу кестесі |
||
12.6 |
Базалық биіктікті өлшеу актілері |
13. Статистикалық электрден қорғану | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
13.1 |
Ғимаратты, технологиялық жабдықты, құбырды, металл конструкцияларын және резервуарларды жерге орнату контурының болуы және оларды қосу (екі жерден кем емес) |
||
13.2 |
Отынмен жабдықтау мен әуе кемесі арасында электрлік әлеуетті теңестіру |
||
13.3 |
Авиаотынды қайта құю желілерінде статистикалық электрлік индукциялық нейтрализаторлардың болуы (таратушы түтік құбырға жақын сүзгіден кейін) |
||
14. Техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі | НҚА атауы |
||
14.1 |
Кіріспе, алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, ағымдағы нұсқаулықтарды өткізу |
||
14.2 |
Нұсқалықтарды өткізуді есепке алу журналын жүргізу |
||
14.3 |
Құю-ағызу эстакадаларында өтпелі көпіршелерді орнату кезінде техника қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтау |
||
14.4 |
Тік резервуарлық төбелерде қорғаныс қоршауларын орнату |
||
14.5 |
Жұмыс орындарында еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың болуы |
||
14.6 |
Қойма аумағында жұмыс істейтін көлік құралдарында ұшқындарды сөндіргіштердің болуы |
||
14.7 |
ЖЖМ қызметі объектілерінде алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы және жарамдылығы |
||
14.8 |
ЖЖМ материалдарды сақтау тік резервуарларында өрт сөндірудің стационарлы құралдарының бар болуы (су резервуарлары, көбікті резервуарлар, стационарлы көбік генераторлары, термохабарлау датчиктері) |
||
14.9 |
Ағынды-сору желдеткішінің жарамдығы |
||
14.10 |
ЖЖМ материалдары зертханасының едені жанбайтын, сұйықтықты жұтып алмайтын материалдардан жасалуы |
||
14.11 |
Электр күшінің және жарық желілерінің, электр шамдарының жарылу қауіпсіз орындалуы |
||
15. Найзағайдан қорғану | НҚА атауы |
||
15.1 |
Резервуарлық парктерде, ашық түсті мұнай өнімдеріне арналған қойма үй-жайларының эстакадасында, сорғы станцияларында және ЖЖМ зертханасында найзағайдан қорғанудың болуы |
||
15.2 |
Найзағайдан қорғаудың барлық кедергісін тексеру және өлшеу |
16. ЖЖМ қызметінің негізгі мамандары | НҚА атауы |
||
---|---|---|---|
16.1 |
ЖЖМ қызметінің бастығы |
||
16.2 |
ЖЖМ жөніндегі инженер |
||
16.3 |
ЖЖМ қоймасының бастығы |
||
16.4 |
2 техник-зертханашы, 1 инженер–жетекші |
||
17. ЖЖМ қызметінің негізгі жұмыскерлері | НҚА атауы |
||
17.1 |
ЖЖМ бойынша 4 дәрежедегі авиациялық техник – 5 адам |
||
17.2 |
4 дәрежедегі отын құю станцияларының операторы – 1 адам |
||
17.3 |
4 дәрежедегі жабдық машинисі |
Ескертпе:
( *) осы Өтініш беруші үшін міндетті емес;
(-1) Өтініш берушінің сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеу қою шартымен Өтініш берушінің сертификатын беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) Өтініш берушінің сертификатын беруге кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.
Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта (парақтарда).
Комисия мүшелері:______________________________________
______________________________________
______________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Таныстырылды:
Азаматтық авиация ұйымының басшысы (өтініш беруші): _________________
(Т.А.Ә., қолы)
Сертификаттық тексеруді жүргізу күні 20___жыл «__»______________
Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
5-қосымша
Азаматтық әуе кемелері
жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттық зерттеу
АКТІСІ
_____________________________________ 20__ жылғы «__»__________
(уәкілетті органның атауы)
№ _____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Комиссия төрағасы: ________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Сертификаттық зерттеу жүргізілді __________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Қорытынды мәтіні:
Комиссия төрағасы: ________________________________________
(Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ________________________________________
________________________________________
________________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Таныстырылды:
Азаматтық авиация ұйымының басшысы (өтініш беруші): _____ ___________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
6-қосымша
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
СЕРТИФИКАТЫ
ЖЖМ сериясы № 000000-00
20__ж «__» _______ берген 20__ж «__» ______ дейін жарамды
_____________________________________________________________________
Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, банктік деректер
Осы сертификат ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның атауы
осы Куәлікке Қосымшасында көрсетілген қолданылу саласына жататын қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификатты Сертификаттық тексеру актісінің негізінде
20__ жылғы «__» _______ № ____ ________________________________
(уәкілетті органның атауы)
комиссиясы берді.
Инспекциялық бақылауды жүзеге асыратын ______________________________
(уәкілетті органның атауы)
МО Уәкілетті органның басшысы
_______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
ЖЖМ сериясы № 000000-00
сертификатына қосымша
СЕРТИФИКАТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
№ | Атауы | Сәйкестігіне тексеру жүргізілетін НҚ мағынасы | Ескертпе |
---|---|---|---|
1 |
Қоймаға авиациялық жанар-жағармай материалдарын қабылдау |
||
2 |
Сақтау |
||
3 |
АвиаЖЖМ сапасын бақылау |
||
4 |
АвиаЖЖМ құюға беруге дайындау |
||
5 |
АвиаЖЖМ тасымалдау және әуе кемелеріне отын құю |
||
6 |
Арнайы сұйықтықтарды қолдануға, қабылдау, сақтау, сапасын бақылау және дайындау |
М.О. Уәкілетті органның жетекшісі
___________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)