"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 763 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-2) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамы 2011 - 2014 жылдардың қорытындылары бойынша таза табысының 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер төлеуге жұмсайды;»;
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2011 жылдан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3, 3-1-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер деп мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К Мәсімов