«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 716 қаулысымен
бекітілген
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты
_______________ ________________________
(қала) (күні: күні, айы, жылы)
Бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын __________________ атынан
(жергілікті атқарушы органның атауы)
________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құжаттың атауы)
________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган өкілінің лауазымы)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Тасымалдаушы» деп аталатын
_________________________________________________________ атынан
(заңды тұлғаның атауы, ЖД)
________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құжаттың атауы)
басшы __________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың нысанасы
Ұйымдастырушы жалпы пайдаланудағы тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығын береді, ал Тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша қызмет көрсету міндетін алады.
№ |
Маршрут нөмірі |
Маршруттың атауы |
Жұмыс істейтін автобустар саны |
2. Тараптардың міндеттері
2.1. Тасымалдаушы:
2.1.1. Автокөлік құралдарының техникалық жарамды күйін қамтамасыз етуге және жай-күйі белгіленген техникалық, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес автокөлік құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
2.1.2. Автокөлік құралдары жүргізушілеріне алдын ала және кезеңділікпен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеру жүргізілуін, олардың еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;
2.1.3. Жол жүргенде автокөлік құралының тиісінше жарақталуын және жолаушының қауіпсіздігін және жолаушыларға қажетті қызмет көрсету жайлылығы мен жағдай жасауды қамтамасыз етуге;
2.1.4. Багаждың уақтылы тасымалдануын және сақталуын қамтамасыз етуге;
2.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңілдіктер беруге;
2.1.6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдау пункттерінде - автовокзалдардың, автостанциялардың кассалары немесе автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілері (кондукторлары) арқылы жол құжаттарының (билеттердің) және багаж түбіртектерінің сатылуын қамтамасыз етуге;
2.1.7. Жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерін жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегінде тіркеуге;
2.1.8. Жарияланған тарифтерді сақтауға және тарифтердің алдағы өзгеруі туралы жолаушыларды алдын-ала хабардар етуге;
2.1.9. Тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге;
2.1.10. Тасымалдау үшін автобустардың, шағын автобустардың осы Шартта көзделген санын және типін (класын) пайдалануға;
2.1.11. Қозғалыс кестесін сақтауға;
2.1.12. Белгіленген талаптарға сәйкес автобустарда маршруттар көрсеткіштерінің, салондарда - жолаушылар үшін қажетті ақпарат тізбесінің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2.2. Ұйымдастырушы:
2.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды отырғызудың және түсірудің белгіленген пункттерін ресімдеуді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;
2.2.2. Автобустардың, шағын автобустардың белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2.2.3. Тасымалдаушыны жол жүрісі жағдайының, тасымалдың, маршруттар сызбасының және қозғалыс кестесінің өзгеруі туралы уақтылы хабардар етуге;
2.2.4. Күнтізбелік он күн ішінде Тасымалдаушының маршруттарда туындайтын проблемалар бойынша өтінішін және тасымалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті.
3. Тараптардың құқықтары
3.1. Тасымалдаушы:
3.1.1. Ұйымдастырушыға тарифтерді және жолаушылардың жол жүру құнын, қозғалыс кестелерін өзгерту және маршруттарда жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған басқа да шаралар бойынша негізделген ұсыныстар беруге;
3.1.2. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына;
3.1.3. Жолаушылардың қоғамдық тәртіпті және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын талап етуге құқылы.
3.2. Ұйымдастырушы:
3.2.1. Осы Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде Ұйымдастырушы белгіленген мерзімде оларды жоюға тасымалдаушыны міндеттеуге құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Тасымалдаушымен осы Шарттың елеулі талаптары бұзылғаны үшін Ұйымдастырушы осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзады. Бұл ретте Ұйымдастырушы ол туралы Тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын алдын-ала хабардар етеді.
Осы Шарттың елеулі талаптарының бұзылуы:
маршрут тұрақтылығының төмендігі (айына жетпіс пайыздан кем);
тасымалдаушының (тасымалдаушының жүргізушісінің) кінәсінен адам өлімі болған жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) болуы;
Осы Шарттың 2.1.1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды маршрутта бірнеше рет пайдалану;
үшінші тараптарға маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын беру болып табылады.
Осы Шарт Конкурсқа қатысуға өтінімде жалған ақпарат ұсынылған факт анықтаған жағдайда да мерзімінен бұрын бұзылады.
5. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі
5.1. Осы Шартқа кез келген толықтырулар мен (немесе) өзгерістер жазбаша түрде жасалады, екі тарап растайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
5.2. Кестелер, маршруттар және тарифтік кесте бойынша қозғалыс сызбалары осы Шартқа жеке Қосымшада келтіріледі және ажырамас бөлігі болып табылады.
5.3. Осы Шарттың орындалуы жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
5.4. Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да талаптарды белгілеуі мүмкін.
5.5. Осы Шарт және оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді Тараптар үшін міндетті болады.
5.6. Осы Шарт бірдей заңды күші бар 2 данада жасалды.
5.7. Осы Шарттың түсіндірудің мазмұнын анықтау кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда ___________________
(тілді көрсету)
мәтініндегі нұсқаның басым күші болады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
6.1. Осы Шарт кемінде 3 жыл мерзімге жасалады:
Қолданылуының басталуы _______________________
Қолданылуының аяқталуы _______________________
7. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
Ұйымдастырушы Тасымалдаушы
Қолы ________ Қолы _______
М.О. М.О.