2011 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 690 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 690 қаулысымен    
бекітілген       

2011 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі

Р/с №

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны (мың теңге)

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері (мың теңге)

Қарыз алушы

1

2

3

4

5

6

1

Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру

22 500 000

2011 - 2016

22 500 000

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы