Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 674 қаулысымен   
бекітілген       

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификатты беру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификатты беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификатты беру тәртібін белгілейді.
      2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаты басқа тұлғаға беруге жатпайды.
      3. Авиациялық оқу орталығының сертификаты осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 жыл мерзімге беріледі.
      4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) авиациялық оқу орталығы - авиациялық персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі - Жарғы) - негізге алып авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;
      4) даярлық - белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиациялық кәсіпті, мамандықты және авиациялық техниканы игеру мақсатында авиациялық кәсібі немесе мамандығы жоқ тұлғаның, сондай-ақ авиация персоналының кәсіби білім алу процесі;
      5) кәсіптік даярлық - авиация персоналын бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін қолдау, тағылымдамадан өткізу, қысқа мерзімді курстар, тренингтер және оқытудың басқа да мүмкін түрлері;
      6) кәсіптік деңгейін қолдау - мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке қажеттіліктеріне негізделген кәсіптік білімдерді, қабілеттерді және дағдыларды жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;
      7) қайта даярлау - белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуға, өндірістің және әлеуметтік саланың құрылымдық өзгерістеріне, тұлғалардың жеке қажеттіліктеріне негізделген жаңа (қосымша) кәсіптік білімді, қабілеттерді және дағдыларды, кәсіптерді, мамандықтарды алуға бағытталған авиация персоналын оқыту процесі;
      8) өтінім - сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берушінің жазбаша өтініші;
      9) өтініш беруші - авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға;
      10) теориялық даярлық - авиация персоналын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өту кезінде оқып үйренуші арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ оқытудың белгіленген бағдарламаларына сәйкес оларды қолдайды және жетілдіреді;
      11) тренажерлік даярлық - авиация персоналының кәсіби даярлық процесінің кезеңі, одан өту кезінде оқып үйренуші жаттықтыру құрылғыларының (авиациялық тренежерлердің) әртүрлі түрлерінің көмегімен практикалық қабілеттерді және дағдыларды алады, қолдайды және жетілдіреді;
      12) ұшуға даярлығы - ұшу құрамын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өту кезінде оқып үйренуші нақты жағдайларда ұшуды орындаудың практикалық қабілеті мен дағдысын алады және жетілдіреді;
      5. Әуесқой ұшқыштарды, аса жеңіл авиация ұшқыштарын даярлау жөніндегі авиациялық оқу орталығын сертификаттау кезінде сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытынды талап етілмейді.
      6. Алдын ала қорытындыны алуды қоса алғанда, сертификаттаудың жалпы мерзімі екі айдан аспайды.

2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификатты беру тәртібі

      7. Өтініш беруші осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша құжаттармен осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уәкілетті органға береді.
      8. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
      9. Құжаттарды толық емес көлемде ұсыну немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағиданың талаптарына сәйкессіздігі кезінде өтінім қарау мерзімінің ішінде өтініш берушіге қайтару себебін көрсете отырып, қайтаруға жатады.
      10. Құжаттаманың осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі кезінде уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
      Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқыту ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселесі жататын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері енгізіледі.
      11. Авиациялық оқу орталығының сертификациялық зерттеуі бес жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес бағдарлама бойынша өткізіледі.
      12. Авиациялық оқу орталығын сертификациялық зерттеу кезінде ұйымдастырушылық құрылымының, оқытылатын персоналдың, әдістемелердің, бағдарламалардың, процестердің, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретіндегі авиациялық оқу орталығының сапа жүйесі тексеріледі.
      13. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі - Акт) қабылдайды, ол туралы өтініш берушіге хабарлайды.
      14. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыларды, ұсынымдарды және нәтижелерді көрсете отырып, екі данада жасалады.
      15. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.
      16. Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі - Сертификат) рәсімдеуді және беруді жүргізеді.
      17. Сертификатты беру үшін Сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытындысы бар Акті негіздеме болып табылады.
      18. Сертификатты беруден бас тарту үшін Сертификатты беру мүмкін еместігі туралы қорытындысы бар Акті негіздеме болып табылады.
      19. Сертификатты беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.
      20. Қолданыстағы Сертификатқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі жағдайында авиациялық оқу орталығы мәлімделетін өзгерістер немесе толықтырулар жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтінімді береді. Бұл ретте, сертификатты жүргізу тәртібі өзгермейді.
      21. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы Сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда өтініш беруші уәкілетті органға қажетті құжаттармен еркін нысанда өтініш береді. Бұл ретте, сертификаттау жүргізу талап етілмейді, ал жаңа Сертификат он жұмыс күні ішінде беріледі.
      22. Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін осы Қағидада белгіленген тәртіппен сертификаттау жүргізіледі.
      23. Авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарын сақтамауы анықталған жағдайда уәкілетті орган Сертификаттың қолданысын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына Сертификаттың қолданысы тоқтатыла тұратын мерзімді көрсете отырып, Сертификаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарламаны жібереді.
      24. Тоқтата тұрылған Сертификаттың қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойып, растау құжаттарын бергеннен және уәкілетті орган қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін жаңғыртылады.
      25. Егер сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерін авиациялық оқу орталығы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде Сертификатты кері қайтарып алады.
      26. Қайтарып алынған Сертификат уәкілетті органға Сертификат қайтарылып алынған сәттен бастап қайтаруға жатады.

Азаматтық авиацияның    
авиациялық оқу орталығын   
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
1-қосымша         

ЕЛТАҢБА
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы

Авиациялық оқу орталығының
сертификаты
№ _________

20__ж. «__»_______берілді Қолданылу мерзімі 20__ж. «__»____дейін

      Осы Сертификат ______________________________________
                       (авиациялық оқу орталығының атауы)
авиациялық оқу орталығы осы Сертификатқа қосымшада көрсетілген іс-қимыл саласына жататын талаптарға сәйкес келетіндігін куәландырады.
      Сертификатты Авиациялық оку орталығын сертификаттық зерттеу
актісінің негізінде ________________________________________
                          (уәкілетті органның атауы)
комиссиясы 20__ж. «__»________берді.

      Инспекциялық бақылауды____________________жүзеге асырады.
                         (уәкілетті органның атауы)

      М.О.                           Уәкілетті органның басшысы
                                   _____________________________
                                                (қолы, Т.А.Ә.)

Авиациялық оқу орталығының
сертификатына     
қосымша        

20__жылғы «__»________                                 № ______

Авиациялық оқу орталығы сертификатының
қолданылу саласы

___________________________________
(авиациялық оқу орталығының атауы)
___________________________________
(мекенжайы)

Р/с №

Оқу түрлері

Мамандығы (мамандану)

1.

Авиация персоналын даярлау.


2.

Авиация персоналын қайта даярлау.

3.

Авиация персоналының кәсіптік деңгейін ұстау.

м.о.                               Уәкілетті органның басшысы
                                     ___________________________
                                                  (Т.А.Ә., қолы)

Азаматтық авиацияның    
авиациялық оқу орталығын   
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
2-қосымша        

Авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге
өтінім

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. ___________________________________________________________
  (ұйымның атауы) (ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә.)
авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуді сұрайды.
2. Ұйым туралы мәліметтер:
1) Меншік нысаны __________________________________________
2) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік
_______________________________________________________________
                       (нөмірі, кім және қашан берді)
3) Заңды (пошталық) мекенжайлары мен басқа да деректемелері _________________
4) Телефон/факс, эл. пошта ________________________________
3. Қоса берілетін құжаттар: _______________________________
                            _______________________________

20__ж.«__»_________

Ұйымның басшысы: __________________
                  (қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Азаматтық авиацияның    
авиациялық оқу орталығын   
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
3-қосымша         

Құжаттардың тізбесі

      1. Сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытынды.
      2. Түпнұсқалары берілген кезде құрылтай құжаттарының көшірмелеріне құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері.
      3. Қызмет бойынша нұсқау.
      4. Сапасы бойынша нұсқау.
      5. Авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы.
      6. Авиациялық оқу орталығының штаттық кестесі.
      7. Авиациялық оқу орталығының басшы құрамы туралы деректер.
      8. Авиациялық оқу орталығының оқытушы және инструкторлық құрамы туралы деректер.
      9. Авиациялық оқу орталығының негізгі персоналының лауазымдық нұсқаулықтары.
      10. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын негізгі құралдардың тізбесі мен олар туралы қысқаша мәліметтер.
      11. Авиациялық оқу орталығы басқа оқу орындарымен, кәсіпорындармен және басқа ұйымдармен оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты жасасқан шарттардың көшірмелері.
      12. Оқу орнын дамытудың перспективалық жоспары және басшы, оқытушы және инструкторлық құрамның біліктілігін арттыру жоспары.
      13. Авиациялық оқу орталығын бітіргендігі туралы куәліктер мен сертификаттардың үлгілері.

Азаматтық авиацияның    
авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
4-қосымша         

Авиациялық оқу орталығын
сертификаттық зерттеу бағдарламасы

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның басшысы:
_________________________________________________
Тексерген күн, бұйрықтың №:____________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә.: _______________________________
                        _______________________________

Р/с

Бағдарлама бойынша позициялардың нөмірлері және тексерілетін элементтер

Сәйкестікті бағалау

Сәйкес келмеу позициясының нөмірі

1

2

3

4

1. Оқу орнының жалпы сипаттамасы

1

Жарғының көшірмесі (құрылтай шарты)





Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі



2

Оқу орталығының қызметін регламенттейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі:
1) Оқу орталығының қызметі жөніндегі нұсқау;
2) Оқу орталығының сапасы жөніндегі нұсқау;
3) Оқу орталығы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
4) Оқу орталығы құрылымының Жарғыда (Ережеде) белгіленген міндеттерге, функцияларға және қызмет мәніне сәйкестігі;
5) Электрондық түрлерді қоса алғанда, кітапхана қорының оқу-әдістемелік әдебиетке сәйкестігі.



3

Персонал:
1) Оқытушылардың жиынтықталу деңгейінің штаттық кестеге сәйкестігі;
2) Оқытушы құрамы санының болуы;
3) Персоналдың іс жүзіндегі міндеттерінің және функцияларының осы атқарып отырған лауазымға қойылатын талаптарға сәйкестігі.



4

Оқу-әдістемелік жұмыс:
Оқу орталығының оқу-әдістемелік жұмысын регламенттейтін оқу-әдістемелік құжаттаманың болуы:
1) Мамандықтардың үлгі оқу жоспары;
2) Мамандықтар бойынша жұмыс бабындағы білім беру бағдарламалары;
3) Оқу процесін ұйымдастыру туралы ереже;
4) Оқу орталығына қабылдауды ұйымдастыру туралы және қабылдау тәртібі туралы ереже;
5) Күндізгі, кешкі оқыту нысандарына қабылдау жоспары;
6) Тағылымдамадан өту және практика жөніндегі оқу жоспарлары мен бағдарламалары (үлгі және жұмыс бабындағы);
7) Оқу курстарының жылдық жоспар-кестесі;
8) Оқу және семинар сабақтарының, жаттығу және ұшу дайындығының кестесі;
9) Пәндер бойынша лекциялардың дайындалған конспектілері;
10) Пәндерді игеру жөніндегі әдістемелік материалдар;
11) Оқитындарды қабылдау, олардың аудару, қайта қабылдау, шығару туралы бұйрықтар;
12) Талапкерлерді қабылдау ережесі, олардың білімін бақылау нысаны, қабылдау комиссияларының соңғы жылдардағы есептері;
13) Оқу жоспарының пәндері бойынша емтихан билеттері (тесттері);
14) Бітірушілерге оқу жоспары пәндерінің тізбесі қоса берілетін құжаттардың үлгілері;
15) Лекция конспектілерінің нысандары мен мазмұнының үлгі оқу бағдарламаларына сәйкестігі;
16) Студенттердің оқитын орындарының болуы, олардың жабдықталуы;
17) Лекциялар, семинарлар мен практикалық сабақтар өткізу жөніндегі оқулықтардың болуы.
18) Оқу циклі аяқталғаннан кейін студенттерді аттестаттау жөніндегі рәсімнің болуы;
19) Әдістемелік кеңес жұмысының үлгі ережеге сәйкестігі;
20) Лекция және практикалық сабақтардың мазмұнының өзектілігі және жаңашылдығы, олардың ИКАО оқу жоспарына және жұмыс бабындағы бағдарламаларына, ұсынымдары мен талаптарына сәйкестігі;
21) Орындалатын жұмыстың және оқу жүктемесін бөлудің оқытушылардың біліктілік деңгейіне сәйкестігі;
22) Оқу орталығының:
негізгі білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумы;
оқитындардың оқу жүктемесінің ең көп көлемі бөлігінде жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттардың талаптарын сақтауы;



5

Мамандар даярлаудың сапасы
1) Мамандарды даярлау сапасын бақылаудың енгізілген жүйесінің болуы;
2) Жұмыстарды орындаудың іс жүзіндегі деңгейінің жоспарлы деңгейге сәйкестігі (Әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары, жылдық есептері, хаттамалары, отырыстары, студенттердің келу есебі, емтихан билеттер, тесттер);
3) Оқитындардың дайындық деңгейінің мамандық бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі (тестілеу жолымен іріктеп тексеру);
4) ПОҚ біліктілікті арттырудан өту мерзімдері нормаларына сәйкестігі;
5) Оқу орталығын ҚР мемлекеттік аттестаттау комиссиясы аттестаттады ма.



6

Материалдық-техникалық және әлеуметтік база:
1) Бір студентке арналған пайдалы оқу алаңының нормаларға сәйкестігі;
2) Оқу сыныптарының жабдықталуының мамандарды даярлау міндеттеріне сәйкестігі;
3) Студенттер санының іс жүзінде отыратын орындарға сәйкестігі;
4) Жалға алынған құрылыстарға және ұшу техникасына арналған шарттардың болуы;
5) Оқытудың техникалық құралдарының болуы.
6) Қазіргі заманғы электрондық оқу және бақылау құралдарының болуы.
7) Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау. Санитариялық-эпидемиологиялық станцияның және өртке қарсы испекцияның үй-жайлардың оқу сабақтарын өткізуге жарамдылығы туралы қорытындысының болуы.



7

Қаржылай қамтамасыз ету:
1) Оқу орталығының қаржылық жай-күйі туралы анықтаманың болуы.
2) Салық органдарынан анықтаманың болуы.



      Ескертпе:
      ( *) бұл оқу орны үшін міндетті емес;
      (-1) авиациялық оқу орнының сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздік;
      (-2) келісілген мерзімде жойған немесе шектеулер енгізген кезде авиациялық оқу орнының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздік;
      (-3) авиациялық оқу орнының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жойылуға тиіс сәйкессіздік.

Қосымша: Сәйкессіздіктердің тізбесі____парақ.
Тексерушілер: ______________________________
              ______________________________

      Таныстым:
      Ұйымның басшысы _____________

      М.О.

Азаматтық авиацияның    
авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
5-қосымша         

Сертификаттық зерттеу актісі

________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)

      20_жылғы "_______"______________________№______________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
      Комиссия төрағасы:___________________________________________
                              (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелері:___________________________________________
                              (Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________________________
                              (Т.А.Ә., лауазымы)
__________________________________________сертификаттық зерттеу
      (ұйымның атауы)
жүргізді

Қорытынды мәтіні:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Комиссия төрағасы:_____________________      ______________________
                      (Т.А.Ә.)                        (қолы)
Комиссия мүшелері:_____________________      ______________________
                       (Т.А.Ә.)                        (қолы)

      Актімен таныстым:
      Ұйым басшысы:_____________________      ______________________
                       (Т.А.Ә.)                        (қолы)