"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 маусымдағы № 641 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2), 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат береді;
      19-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
      19-3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды береді;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов