Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 405-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
«25. «E-learning» электрондық оқыту жүйесі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов