Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 619 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1110 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1110 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 1122 қаулысы;
      3) «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (2-кезең) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1461 қаулысы.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов