«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы;
2) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы бекітілсін.
2. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасында және Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасында белгіленген тәртіппен әзірленген даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді Мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 504 қаулысымен
бекітілген
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық
басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық
компаниялардың даму стратегияларының орындалуы
бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы бойынша есептерді (бұдан әрі - Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп) әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) компания - акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
2) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
3) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;
4) электрондық есеп - «Есептілік берудің бірыңғай жүйесі» деген бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдаланып дайындалған және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған есеп;
5) қызметтің түйінді көрсеткіші - даму стратегиясы мақсатына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш.
2. Даму стратегиясының орындалуы бойынша есепті
әзірлеу және ұсыну тәртібі
3. Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп бес жыл өткеннен кейін екі рет мынадай тәртіппен:
1) бірінші рет - жылдар бойынша бөле отырып бес жылға;
2) екінші рет - соңғы бес жылды бөле отырып он жылға және даму стратегиясын іске асыру қорытындысы бойынша он жылға әзірленеді және ұсынылады.
4. Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
1) қызметтің стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына, міндеттеріне және қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу. Осы бөлім осы Қағидаға қосымшаға сәйкес кестені ұсынумен жоспарланған және іс жүзінде қол жеткізілген қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері бойынша жоспарланған және іс жүзінде қол жеткізілген қызметтің түйінді көрсеткіштері туралы, оларға қол жеткізбеу себептері туралы ақпаратты қамтиды;
2) еркін нысанда жасалатын талдамалық жазба мынадай мәліметтерді:
қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері бөлінісінде есепті кезеңге даму стратегиясын іске асыру нәтижесі туралы қорытындыларды;
қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері бойынша жоспарланған қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі (жоспарланғаннан іс жүзіндегі нәтижелердің ауытқуы болған жағдайда, соңғы нәтижелерге ықпал еткен себептер мен факторларды ашып көрсету қажет), факторлардың даму стратегиясын іске асыруға әсерін бағалауды, сондай-ақ даму стратегиясын іске асырудың саланың, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалауды;
даму стратегиясын іске асыру процесінде орын алған проблемалар және олардың мақсаттар мен қызметтің түйінді көрсеткіштеріне ықпалы, сондай-ақ даму стратегиясын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларды;
даму стратегиясын одан әрі іске асыру, оны түзету, даму стратегиясын іске асыру процесі тиімділігін арттыру, даму стратегиясын іске асыру бойынша анықталған проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарды қамтуы тиіс.
5. Даму стратегиясының орындалуы бойынша есепті әзірлеу және бекіту жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілген сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып тиісті есепті кезеңге Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі он бес жұмыс күні ішінде Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп жобасын қарайды және оны бекіту немесе пысықтау үшін атқарушы органға қайтару туралы шешім қабылдайды.
Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулер алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп жобасын пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайтадан ұсынады;
2) Даму стратегиясының орындалуы бойынша есептің жобасы компанияның директорлар кеңесінің отырысында бекітіледі.
Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп жобасын бекіту мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімнен он жұмыс күнінен аспайтын кезеңге компанияның директорлар кеңесі шешімінің негізінде ұзартылуы мүмкін.
6. Атқарушы орган Даму стратегиясының орындалуы бойынша есепті бекіту мәселесі жөнінде компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған мерзімнен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бекіту туралы директорлар кеңесінің сканерден өткізілген шешімін электрондық есепке тіркеп, Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізу үшін Бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді.
7. Бірыңғай оператор электрондық есепті Тізілімге енгізуді ол түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның электрондық мекенжайына электрондық есеп Тізілімге енгізілгені туралы хабарлама жіберіп жүзеге асырады.
Бірыңғай оператордың электрондық есепке ескертулері болған жағдайда, компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта шығармай Бірыңғай операторға оны қайта енгізеді.
8. Бекітілген жылдық аудиттелген қаржылық есептілік есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың отызыншы күніне дейін болмаған жағдайда, атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып, Даму стратегиясының орындалуы бойынша есеп жобасын (жедел деректер бойынша) әзірлеуді жүзеге асырады және Тізілімге енгізу үшін есепті кезеңнен кейінгі алтыншы айдың бірінші күнінен кешіктірмей Бірыңғай операторға электрондық есепті (жедел деректер бойынша) жібереді.
9. Атқарушы орган Даму стратегиясының орындалуы бойынша есепте көрсетілген жедел деректердің шынайлығы үшін жауапты болады.
Электрондық есеп (жедел деректер бойынша) Тізілімге енгізу үшін осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес ұсынылады.
Акционері мемлекет болып табылатын
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық компаниялардың
даму стратегияларының орындалуы бойынша
есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасына
қосымша
Қызметтің стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына,
міндеттеріне және қызметтің түйінді көрсеткіштеріне
қол жеткізу
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының нысаналы индикаторының (көрсеткішінің) атауы |
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторының (көрсеткішінің) атауы |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық (бағдарламалық) құжатының нысаналы индикаторының (көрсеткішінің) атауы |
Компания қызметінің стратегиялық бағытының атауы |
Мақсаты |
Міндеттер |
Қызметтің түйінді көрсеткішінің * (бұдан әрі - ҚТК) атауы |
1-мақсат |
1-міндет |
1-ҚТК |
||||
n-мақсаты |
n-міндет |
n-ҚТК |
||||
1-міндет |
1-ҚТК |
|||||
n-міндет |
n-ҚТК |
кестенің жалғасы
Өлшем бірлігі |
Есептеу әдістемесі |
Есепті кезеңнің бірінші жылына өткен жыл үшін |
Есепті кезең |
||||
жоспар |
Факт |
өткен жылғы факт өткен жылдың жоспарына % |
20___ж. |
||||
жоспар |
Факт |
есепті____ жылғы факт есепті___ жылдың жоспарына % |
|||||
кестенің жалғасы
Есепті кезең |
|||||
20___ж. |
20___n |
||||
жоспар |
Факт |
есепті____ жылғы факт есепті___ жылдың жоспарына % |
жоспар |
Факт |
есепті____ жылғы факт есепті___ жылдың жоспарына % |
* қызметтің түйінді көрсеткіші компанияның мақсатына байланыстырылады
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 604 қаулысымен
бекітілген
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың
даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу
және ұсыну қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді (бұдан әрі - Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп) әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) компания - акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
2) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
3) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;
4) электрондық есеп - «Есептілік берудің бірыңғай жүйесі» деген бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдаланып дайындалған және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған есеп.
2. Даму жоспарының орындалуы бойынша есепті әзірлеу
және ұсыну тәртібі
3. Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп әрбір жыл қорытындысы бойынша әзірленеді және ұсынылады.
4. Даму жоспарының орындалуы бойынша есепті әзірлеу мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған бөлімдердің құрылымына, нысандарға, олардың құрамын қоса алғанда, көрсеткіштердің тізбесіне және нысандарды толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Даму жоспарының орындалуы бойынша есепті әзірлеу жөніндегі әдіснамалық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп жобасы (жедел деректер бойынша) мынадай көрсеткіштерді қамтиды: инвестициялар, кірістер, шығыстар, қарыздар, дивидендтер, қаржылық нәтиже, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері және қызметкерлер саны.
5. Даму жоспарының орындалуы бойынша есепті әзірлеу және бекіту жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілген сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып тиісті есепті жылға Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі он бес жұмыс күні ішінде Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп жобасын қарайды және оны бекіту немесе пысықтау үшін атқарушы органға қайтару туралы шешім қабылдайды.
Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулер алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп жобасын пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайтадан ұсынады;
2) Даму жоспарының орындалуы бойынша есептің жобасы компанияның директорлар кеңесінің отырысында бекітіледі.
Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп жобасын бекіту мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімнен он жұмыс күнінен аспайтын кезеңге компанияның директорлар кеңесі шешімінің негізінде ұзартылуы мүмкін.
6. Атқарушы орган Даму жоспарының орындалуы бойынша есепті бекіту мәселесі жөнінде компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған мерзімнен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бекіту туралы директорлар кеңесінің сканерден өткізілген шешімін электрондық есепке тіркеп, Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізу үшін Бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді.
7. Бірыңғай оператор электрондық есепті Тізілімге енгізуді ол түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның электрондық мекенжайына электрондық есеп Тізілімге енгізілгені туралы хабарлама жіберіп жүзеге асырады.
Бірыңғай оператордың электрондық есепке ескертулері болған жағдайда, компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта шығармай Бірыңғай операторға оны қайта енгізеді.
8. Бекітілген жылдық аудиттелген қаржылық есептілік есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың отызыншы күніне дейін болмаған жағдайда, атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып, Даму жоспарының орындалуы бойынша есеп жобасын (жедел деректер бойынша) әзірлеуді жүзеге асырады және Тізілімге енгізу үшін есепті кезеңнен кейінгі алтыншы айдың бірінші күнінен кешіктірмей Бірыңғай операторға электрондық есепті (жедел деректер бойынша) жібереді. Атқарушы орган Даму жоспарының орындалуы бойынша есепте көрсетілген жедел деректердің шынайлығы үшін жауапты болады. Электрондық есеп (жедел деректер бойынша) Тізілімге енгізу үшін осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес ұсынылады.