Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдірәсілов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Болатбек Серікбайұлы министрлігінің жауапты хатшысы,
Бөлтіріков - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Руслан Ескендірұлы ортаны қорғау вице-министрі,
Ескендіров - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы даму және сауда вице-министрі,
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрі,
Айдапкелов - Қазақстан Республикасының Статистика
Нұрболат Серғалиұлы агенттігінің жауапты хатшысы,
Полторабатько - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Людмила Григорьевна азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі
қадағалаушы сот алқасы төрайымының
міндетін атқарушы (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Елдана Мәкенқызы Сәдуақасова, Юрий Камирұлы Шоқаманов, Алмаз Дулатқызы Тәшенова шығарылсын.
2. «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 400-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 92-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ескендіров - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы даму және сауда вице-министрі,
Құрманғалиев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әсет Қабиұлы министрінің орынбасары,
Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы ғылым вице-министрі,
Мизанбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Өcep Елеусізұлы комитеті төрағасының бірінші
орынбасары (келісім бойынша);
мына:
«Ищанов - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Қайрат Қыдырбайұлы Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
комитетінің мүшесі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ищанов - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Қайрат Қыдырбайұлы Сенаты, Қаржы және бюджет комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)»;
көрсетілген құрамнан: Болат Қаскенұлы Сембинов, Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов, Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Нұржан Рахметханұлы Жігітеков шығарылсын.
4. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына:
Садырбеков - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Ғабит Амангелдіұлы Әлеуметтік-экономикалық саладағы
заңдылықты қадағалау департаментінің
бөлім бастығы (келісім бойынша)
енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 600 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы министрі, төраға
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Берекетов - Қазақстан Республикасы
Махсат Берекетұлы Әділет министрлігінің Халықаралық
шарттарды сараптау департаменті
директорының орынбасары, хатшы
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы істер министрлігінің жауапты хатшысы
Калюжный - Қазақстан Республикасы Адам
Вячеслав Афанасьевич құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының
басшысы (келісім бойынша)
Байжанов - Қазақстан Республикасы
Ғабит Жақыпбайұлы «Сырбар» Сыртқы барлау
қызметі директорының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы сақтау вице-министрі
Омаров - Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы спорт вице-министрі
Сарыбеков - Қазақстан Республикасының
Махметғали Нұрғалиұлы Білім және ғылым вице-министрі
Телебаев - Қазақстан Республикасының
Ғазиз Тұрысбекұлы Мәдениет вице-министрі
Шоқпытов - Қазақстан Республикасының
Андар Мәулешұлы Қаржы вице-министрі
Қожан - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Төлебай Әжібекұлы Сотының судьясы (келісім бойынша)
Әбішев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тастемір Дәуітұлы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Жанат Қуанышұлы министрлігі Криминалдық полиция
комитетінің төрағасы
Аюбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Мейрам Ақатұлы министрлігінің Көші-қон полициясы
комитеті төрағасының орынбасары
Шаймерденов - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ербол Шаймерденұлы ақпарат министрлігінің Ақпарат және
мұрағат комитеті төрағасының
орынбасары
Исаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғазы Шайхашұлы қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
директорының орынбасары (келісім бойынша)
Досполов - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Сергей Долдаұлы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің
бастығы (келісім бойынша)
Оспанов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Жарқынбек Қожанұлы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Нұрахметова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гауһар Сердалықызы жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық комиссия хатшылығының бас
сарапшысы (келісім бойынша)
Аликова - Халықаралық көші-қон ұйымының
Әлия Ерсайынқызы адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша
Қазақстандағы үйлестірушісі (келісім
бойынша)
Байзақова - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды
Зүлфия Мұхамедбекқызы тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы
(келісім бойынша)
Морозова - «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің
Галина Васильевна президенті (келісім бойынша)
Рыль - «Қорғау-Астана» Жеке қоры директорының
Анна Игоревна орынбасары (келісім бойынша)
Штеффен Букмайер - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы
орталығының адам құқықтары жөніндегі
кеңесшісі (келісім бойынша)
Шорманбаева Айна - «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық
қорының президенті (келісім бойынша)