Логистикалық жүйені құру және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Транзитті дамыту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 583 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 583 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1866 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылы 30 мамырдағы
№ 599 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 N 314 Қаулысымен.
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы төраға
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы бірінші орынбасары, төрағаның бірінші
орынбасары
Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы коммуникация министрі, төрағаның орынбасары
Есембаева – Қазақстан Республикасы Көлік және
Несіпкүл Берікханқызы коммуникация министрлігінің
Стратегиялық жоспарлау және логистика
департаменті директорының орынбасары,
хатшы
Мұхамеджанов – Маңғыстау облысының әкімі
Бауыржан Әлімұлы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Сағынтаев – Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы даму және сауда министрі
Исекешев – Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрі
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қалмұхамбет
Нұрмұханбетұлы
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы министрі
Мырзалиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұржан Кершаизұлы комитеті төрағасының орынбасары, Шекара
қызметінің директоры (келісім бойынша)
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Серік Нұртайұлы Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Бишімбаев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Қуандық Уәлиханұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Мамин - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
Асқар Ұзақпайұлы акционерлік қоғамының президенті (келісім
бойынша)
Садуов – Қазақстан Республикасындағы ТРАСЕКА
Марат Темірболатұлы Үкіметаралық комиссиясының ұлттық
хатшысы (келісім бойынша)
Сәлімбаев - «Арамекс КЗ» компаниясының бас директоры
Манат Жолдаспайұлы (келісім бойынша)
Исхан - Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп
Ғафур Мұдарисұлы палатасы төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Евниев - «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық
Арман Қайратұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Сиддик Хан - «Глобал линк» компаниясының президенті,
директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
бойынша)
Майкл Профит - тәуелсіз кеңесші, Дублин қаласындағы
халықаралық логистика институтының мүшесі
(келісім бойынша)
Лэн Bу - Азия Даму Банкінің Орталық-Азия өңіріндегі
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кеңесшісі
- Алматы кеңсесінің басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 599 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) логистикалық жүйені құру және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында құрылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін және логистикалық әлеуетін, оның ішінде толыққанды көліктік, саудалық және көп функционалдық логистикалық орталықтарды құру жолымен одан әрі дамыту;
2) шекарадан өту (кедендік ресімдеу, тарифтік саясат, салық салу, сақтандыру, лицензиялау, сертификаттау, стандарттау және т.б.) кезінде жүк тасымалдауға байланысты туындаған кедергілерді жоюға бағытталған логистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасындағы логистикалық жүйені дамытудың қолайлы үлгісін анықтау;
4) логистикалық объектілерді салу үшін республиканың ішкі және шекара маңы аумақтарында, сондай-ақ қолданыстағы әуежайлардың арасында оңтайлы жерлер мен аумақтарды анықтау;
5) мультимодальды тасымалдауларды және логистикалық қызметтер көрсетуді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның негізгі құқықтары
6. Комиссия белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы логистикалық жүйені тиімді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) сараптама мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардан да, сол сияқты ұйымдардан да тиісті бейінді халықаралық және жергілікті мамандарды тартуға;
3) олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты мемлекеттік органдар мен ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
4) логистиканы дамыту мәселелері бойынша салалық қауымдастықтардың, мүдделі көліктік ұйымдардың және инвесторлардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін жобалық-іске асыру топтарын ұйымдастыруға құқылы.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды.
Төраға болмаған уақытта, оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
8. Комиссия жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктеледі.
9. Жұмыс органы Комиссия мүшелерін шақыруды, сондай-ақ Комиссияның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ұлттық компанияларымен және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бөлігінде Комиссия жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
10. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса беріледі.
11. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша Комиссияның төрағасы қол қоятын хаттама жасалады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Комиссияның қызметін тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.