Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 576 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және жылына бір рет 15 қаңтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне оның орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жылына бір рет 15 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 576 қаулысымен
бекітілген

Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру жөніндегі
2011 - 2014 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар

1.

Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың (облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын) стратегиялық жоспарларына Қазақстанның ел бірлігі доктринасының түйінді қағидаттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды енгізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

MM, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

2.

Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру барысын ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу және жария ету жөніндегі медиа-жоспарларды жыл сайын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

3.

Дінаралық, этносаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамаларды іске асырып жүрген халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыру

ММ-ге ақпарат

СІМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

4.

Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін шет елдерде танымал ету жөніндегі жұмысты жалғастыру

ММ-ге ақпарат

СІМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

5.

Қазақстанның ел бірлігі доктринасының негізгі қағидаттарын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді және әзірлеуді қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БҒМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

2. «Бір ел - бір тағдыр»

6.

Азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарта отырып, Қазақстанның ел бірлігі доктринасының ережелерін насихаттау, ел бірлігі мен қазақстандық патриотизмді нығайту жөніндегі ақпараттық іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ММ, БАМ, БҒМ, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

7.

Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын, ел бірлігін қалыптастыру, этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

MM, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

8

Азаматтар құқықтарының бұзылуының алдын алу, этносаралық қатынастардың жай-күйіне теріс әсер етуге қабілетті үрдістерді анықтау мақсатында елдегі этносаралық және конфессияаралық жағдайға теракты мониторингті жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

MM, IІM, БП (келісім бойынша), ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

9

Қолданыстағы заңнаманы, жалпыға ортақ этикалық нормалар мен қағидаттарды сақтай отырып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

3. «Тегі басқа - теңдігі бір»

10

Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы 2009 - 2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

Әділетмині, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

11

Қолданыстағы мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламалары негізінде қоғамда орта тапты қалыптастыру үшін жағдай жасауды жалғастыру

ММ-ге ақпарат

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

12

Этникалық шығу тегіне, діни сенімі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, Мәденни және рухани салаларындағы мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру

ММ-ге ақпарат

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

13.

«Әр алуандықтағы біртұтастық» қағидатын іске асыру, қазақстандық этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен болмысын сақтау мен дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ММ, БАМ, БҒМ ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

14.

Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеуді жүзеге асыру

ММ-ге ақпарат

СГМ, БҒМ

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

4. «Ұлт рухының дамуы»

15.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

MM

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

16.

Қоғамда өз білімін, дағдысын, қабілетін, кәсібилігі мен бәсекеге қабілеттілігін тұрақты жетілдіруге ұмтылысты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жалғастыру

ММ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтары

17.

Ұлттың, мемлекеттің, қоғам мен отбасының дәстүрін, рухани және адамгершілік құндылықтары мен дүниетанымдық бастамаларын сақтау және нығайту жөніндегі ұйымдық-практикалық шараларды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

MM, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

18.

Қазақстандық этностардың мемлекеттік тілді үйренуін одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

MM, БҒМ, ҚХАХ (келісім бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚХАХ        - Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы
      БП          - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      MM          - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      БАМ         - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
                    министрлігі
      БҒМ         - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                    министрлігі
      ІІМ         - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      CІM         - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      Әділетмині  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі