"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 566 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің жиырма бес пайызын иелену және пайдалану құқығын;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің жиырма бес пайызын иелену және пайдалану құқығын берсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістермен толықтырулар бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 24 мамырдағы
№ 566 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-3-жолмен толықтырылсын:
      «291-3. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы»;
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-5-жолмен толықтырылсын:
      «292-5. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы».
      2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
      «3. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
      «13. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
       «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 20-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-4. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы 50%».
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 61-жолмен толықтырылсын:
      «61. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы 25%»;
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
      62. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы 25%».
      4. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 6-3 жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті».