Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.02.2013 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
9-тармақта:
5) тармақшадағы «арнайы дайындықтан» деген сөздер «тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «көшірмесін ұсынады.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсынады.»;
20, 21-тармақтар алып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Лицензиаттар лицензияның жоғалғаны туралы лицензиарға бір ай мерзімде хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтатқан кезде 10 жұмыс күні ішінде лицензиарға лицензияны қайтарады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «арнайы даярлықтан» деген сөздер «тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.»;
3-тармақта «осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын» деген сөздер алып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «арнайы даярлықтан» деген сөздер «тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.»;
3-тармақтағы «осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов