Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 550 Қаулысы

Қолданыстағы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қолда бар төрелік талқылау бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру жөніндегі «Reed Smith, LLР» компаниясының қызметтеріне ақы төлеу үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 500000 (бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов