Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамның жарғылық капиталына берсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 544 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген бөлім алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 2-тармақ алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 61 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 26-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:
1) экономика;
2) (құпия).».
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындауға қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесіндегі:
«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген бөлім алынып тасталсын.