«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу қағидасы бекітілсін.
2 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 524 қаулысымен
бекітілген
Техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Техникалық байқау орталығының тізілімі (бұдан әрі - Тізілім):
1) механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқау жүргізуді жүзеге асыратын техникалық байқау орталықтарының бірыңғай тізбесін жасау;
2) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқау жүргізу тәртібінің және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Тізілім бірыңғай, мерзімдік нақтыланатын техникалық байқау орталықтарының және олар туралы барлық қажетті ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын тізбені білдіреді.
4. Тізілімде тіркеуді және оны жүргізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары (бұдан әрі - көліктік бақылау органдары) ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
2. Тізілімді жүргізудің тәртібі
5. Тізілімде тіркелу:
1) дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғаның көліктік бақылау органдарына өзінің тіркелген орны бойынша осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуды;
2) көліктік бақылау органдарының Тізілімге енгізу немесе оған енгізуден бас тарту туралы шешімді қарауын, қабылдауын қамтиды.
6. Тізілімге енгізу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) дара кәсіпкер үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) техникалық байқау орталығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшірмелері;
5) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының қорытындысы;
6) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері;
7) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат.
7. Өтініш берушіге құжаттардың келіп түскен күні, құжаттарды қабылдаған маманның тегі, аты (әкесінің аты), Тізілімге енгізу үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетілген қолхат беріледі.
8. Көліктік бақылау органдары өтінішті оған қоса беріліп отырған құжаттармен бірге ол берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында көліктік бақылау органдары жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салады.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салынған құжаттарды және/немесе ақпаратты ұсынады.
10. Ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары өтініш берушіні Тізілімге енгізу немесе Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
11. Тізілімге енгізу туралы шешім бұйрық нысанды рәсімделеді.
Тізілімге енгізуден бас тартылған жағдайда Көліктік бақылау органдары үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себебін көрсетіп, жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
12. Көліктік бақылау органдары Тізілімге енгізу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:
1) техникалық байқау орталығының атауын;
2) техникалық байқау орталығының мекенжайын және байланыс телефонын;
3) техникалық байқаудың стационарлық желісінің орналасқан жерін;
4) техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілерінің типін және санын;
5) техникалық байқау орталығы қызметінің өңірін қамтитын ақпаратты ұсынады.
13. Уәкілетті орган тоқсан сайын Тізілімнің мерзімдік баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялануын жүзеге асырады және өзінің www.transportcontrol.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырады.
14. Тізілімге енгізілген техникалық байқау орталығы көліктік бақылау органдарына Тізілімге енгізу кезінде ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың қандай да бір өзгерістері туралы осындай өзгерістер енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
15. Көліктік бақылау органдары Тізілімге енгізу кезінде ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың қандай да бір өзгерістері туралы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға техникалық байқау орталығының мәліметтері мен құжаттарының өзгерістері туралы ақпаратты ұсынады.
16. Тізілімге енгізуден бас тарту үшін:
1) осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дәйексіздігі;
3) осы Қағиданың 19-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде Тізілімнен алып тастау негіз болып табылады.
17. Осы Қағидада көзделмеген негіздер бойынша Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім шығаруға тыйым салынады.
18. Тізілімге енгізуден бас тартуға негіз болған себептерді жойғаннан кейін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну арқылы көліктік бақылау органдарына қайта жүгінеді.
19. Тізілімінен алып тастау үшін:
1) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның техникалық байқау орталықтарының тізілімінен ерікті түрде алып тастау туралы өтініші;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы;
3) техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дәйексіз ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсетулер бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса атқару;
5) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау негіз болып табылады.
20. Тізілімнен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде техникалық байқау орталығына алып тастау себебін көрсете отырып, тиісті хабарламаны қолға береді немесе жіберіледі.
21. Тізілімнен алып тастау техникалық байқау орталығы қызметінің тоқтауына алып келеді.
22. Көліктік бақылау органдары Тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылданғаннан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
23. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көліктік бақылау органдарына қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті тіркеу журналы;
2) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілері.
Техникалық байқау орталықтарының
тізілімін жүргізу қағидасына
1 - қосымша
Техникалық байқау орталықтарының тізілімі
р/с |
Техникалық байқау орталығының атауы |
Техникалық байқау орталығының мекенжайы және байланыс телефоны |
Техникалық байқаудың стационарлық желісінің орналасқан жері |
Техникалық байқаудың стационарлық желісінің жұмыс істеу режимi |
Техникалық байқаудың стационарлық желісінің типі және саны |
Техникалық байқаудың ұтқыр желісінің типі және саны |
Техникалық байқау орталықтары қызметінің өңірі |
Техникалық байқау орталығының тізіліміне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар |
Техникалық байқау орталығының тізілімінен алып тастау |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Техникалық байқау орталықтарының
тізілімін жүргізу қағидасына
2-қосымша
Сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы
ақпарат
1. Техникалық байқау орталығымен қолданылатын сынақ жабдықтары
(бұдан әрі - СЖ)
Анықталатын сипаттамалар (көрсеткіштер) |
СЖ атауы, ТИПІ (маркасы), жасаушы зауытты және түгендеу нөмірлері |
Негізгі техникалық сипаттамалары |
Пайдалануға берілген жылы |
СЖ аттестаттау жөніндегі құжаттың күні мен нөмірі, кезеңділігі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2. Техникалық байқау орталығымен қолданылатын өлшем құралдары
(бұдан әрі - ӨҚ)
Анықталатын сипаттамалар (көрсеткіштер) |
ӨҚ атауы, ТИПІ (маркасы), жасаушы зауыттың және түгендеу нөмірлері |
Негізгі техникалық сипаттамалары |
Пайдалануға берілген жылы |
Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификаттың (куәліктің) күні мен нөмірі, кезеңділігі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |