Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 520-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесінде:
«Топтық жүйелер» деген 1-бөлімде:
«Оңтүстік Қазақстан облысы» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын:
«34-1 «Қажымұқан-Қараспан» топтық су құбыры»;
«Оқшау жүйелер» деген 2-бөлімде:
«Қызылорда облысы» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 198-1, 198-2, 198-3, 198-4 жолдармен толықтырылсын:
«198-1 «Төретам» оқшау су құбыры;
198-2 «Ақай» оқшау су құбыры;
198-3 «Тереңөзек» оқшау су құбыры;
198-4 «Жалағаш» оқшау су құбыры».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов