Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 469 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
31 қаңтардағы № 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2001 ж., № 4-5, 51-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде:
      5-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацындағы «бұрынғы КСР Одағының Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының» деген сөздер «бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов