Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 460 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Біржан Бидайбекұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі, хатшы
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гүлшара Наушақызы және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының
Асқар Қуанышұлы Байланыс және ақпарат министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім
Бақытжан Тұрсынұлы және ғылым министрі
Келімбетов - Қазақстан Республикасын
Қайрат Нематұлы Экономикалық даму және сауда
министрі
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы шаруашылығы министрі
Pay - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрі
Бижанов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ақан Құсайынұлы Сенатының депутаты,
Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің төрағасы (келісім
бойынша)
Исімбаева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Гүлмира Истайбекқызы Мәжілісінің депутаты
Нөкетаева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Динар Жүсіпәліқызы Мәжілісінің депутаты,
Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің төрайымы (келісім
бойынша)
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс
Серік Кеңесұлы және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің
төрағасы
Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы агенттігінің төрағасы
Бейсенғалиев - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы
Берік Тұрсынбекұлы холдинг» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы (келісім
бойынша)
Құлыбаев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Тимур Асқарұлы қоры» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы (келісім
бойынша)
Мұқашев - Қазақстан Республикасы
Сиязбек Өнербекұлы Кәсіподақтар федерациясының
басқарма төрағасы (келісім
бойынша)
Перуашев - «Атамекен» Одағы» Қазақстан
Азат Тұрлыбекұлы ұлттық экономикалық палатасы»
заңды тұлғалар бірлестігінің
төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 460 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) Бағдарламаны жалпы және оның жеке бағыттарын іске асыру тетіктері;
3) республикалық және жергілікті бюджеттер тарапынан қоса қаржыландыру критерийлерін ескере отырып, Бағдарламаның облыстар мен Астана, Алматы қалалары бөлінісінде бағыттар бойынша қаржыландыру көлемі;
4) Бағдарламаға қатысушылар санын к-рсете отырып, Бағдарлама бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттері;
5) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану;
6) Бағдарламаны іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
7) микрокредиттер бойынша ең тиімді пайыздық ставканы белгілеу;
8) Бағдарламаның орындалуын бақылау және Бағдарламаны іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) Комиссия мүшелері отырыстарында комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия тобы жүзеге асыратын қызмет, ведомствоаралық үйлестіру үшін және комиссия әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
9. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі.
10. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп саналады.
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.