«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 440 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасының талаптарына және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаларға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру тәртібін (бұдан әрі - Сертификат) белгілейді.
3. Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.
4. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы Сертификат қолданылу аясы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі. Қолданылу мерзімі өткен соң Сертификат жарамсыз деп есептеледі.
5. Сертификаттауды, Сертификаттар беруді, оларды есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Сертификатталған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне байланысты ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізеді.
7. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім - өтінім берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттау рәсімін өту үшін берген жазбаша өтініші;
2) өтінім беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның Сертификатын алу үшін өтініш жасаған заңды тұлға;
3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
4) техникалық қызмет көрсететін ұйымның қызметі жөніндегі нұсқау - техникалық қызмет көрсететін ұйымның құрылымы және оның басшылығының міңдеттері, орындалатын жұмыстардың аясы, өндірістік база, техникалық қызмет көрсету рәсімдері мен сапаны қамтамасыз ету жүйелері туралы толық ақпарат қамтылған құжат;
5) техникалық қызмет көрсету - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, жекелеп, сонымен қатар бірге орындалатын тексеруді, ауыстыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ түрлендіруді немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
6) сертификаттық тексеруге алдыг ала қорытынды - құжаттаманы сараптау және сертификаттау объектісін тексеру нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын берген құжат;
7) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - АТ ТҚ және Ж) - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
8) авиациялық техниканы жөндеу - авиациялық техниканың жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені.
2. Азаматтық авиацияның АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізу тәртібі
8. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі белгіленеді:
1) өтінім берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттармен қоса осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтінім беруі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган комиссиясының сертификаттық тексеру жүргізуі;
4) шешім қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
9. Өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттауға арналған өтінімді:
1) жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі өткен соң);
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қызмет аясын кеңейту қажет болған кезде береді. Өтінімге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі. Сертификаттық рәсімдер аяқталғаннан кейін өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқалары оларды алмастыратын көшірмелерді ұсыну шартымен өтінім берушіге кері қайтарып беруге жатады.
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінімді алдын ала бағалауды жүргізеді және күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтінім берушіге өтінім бойынша шешімді хабарлайды. Өтінімді алдын ала бағалау құжаттарда берілген рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.
11. Егер өтінім немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім кері қайтару себептерін жазбаша көрсете отырып, кері қайтаруға жатады.
12. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейін) өтінім бойынша шешімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия құрады. Комиссияның құрамы, жұмыс мерзімі және сертификаттау объектісі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді. Комиссияның құрамына төраға мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның функцияларына әуе кемелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұшуға жарамды күйде ұстау мәселелері жататын қызметкерлерінің кем дегенде екі мүшесі енгізіледі.
13. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес өтінім берілген қызмет салалары мен АТ ТҚ және Ж ұйымының сипаттамаларына қатысты жүргізіледі.
14. Сертификаттық тексеру жүргізу кезінде:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымының сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі және осы орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін тексеру рәсімдері іске асырылады;
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің толықтығы мен сапасы;
3) сапаның тұрақтылығы тексеріледі.
15. Сертификаттық тексеру мерзімі өтінім бойынша шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
16. Сертификаттық тексеру осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
17. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес екі данада өтінім беруші объектілерінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және Сертификатты беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетілген сертификаттық тексеру актісін жасайды, оған соңында комиссияның барлық мүшелері қол қояды және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.
18. Сертификаттық тексеру кезінде Сертификат беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтінім беруші күні мен осы сәйкессіздіктерді жоюға жауапты адамдар көрсетілген сертификаттау кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды. Іс-шаралар жоспарын өтінім беруші бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға олардың жойылғаны туралы анықтама ұсынады.
3. Сертификат беру немесе беруден бас тарту
19. Сертификат беру немесе беруден бас тарту үшін сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
20. Сертификатты ресімдеу мен беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізеді.
21. Егер өтінім беруші сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Сертификат беруден бас тарту жүргізіледі.
22. Сертификат беруден бас тартылған кезде өтінім берушіге сертификаттық тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап беріледі. Өтінім беруші келіспеген кезде бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
4. Сертификатқа өзгерістер енгізу мен телнұсқа беру
23. Берілген Сертификаттарды қайта ресімдеу авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және сертификаттық талаптарға сәйкессіздікке әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерістер болған жағдайда жүргізіледі.
24. Сертификаттың телнұсқасы ол бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда он жұмыс күні ішінде беріледі.
25. Сертификатқа өзгеріс енгізу немесе телнұсқа алу үшін авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш беруші жүргізген қызметтік тексеру материалдарымен және бұрын берілген Сертификатты қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш береді (жоғалу немесе ұрлану жағдайларын қоспағанда).
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет
көрсететін және оны жөндейтін ұйымды
сертификаттау және сертификат беру
қағидасына
1-қосымша
ЕЛТАҢБА
уәкілетті органның атауы
уәкілетті органның мекенжайы
Авиациялық техникаға
техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты
№_____
20__жылғы «___» берілген. Қолданылу мерзімі 20__жылғы «__»__
дейін________________________________________________________________
(ұйымның атауы, заңды мекенжайы)
Осы Сертификат авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым________________________________________осы
(ұйымның атауы)
Сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшасында көрсетілген қолданылу саласына жататын сертификаттау талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификатты Сертификаттық тексеру актісінің негізінде
__________________________________________________комиссиясы берді.
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)
20___жылғы «___» №_______
Инспекциялық бақылауды_________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы) жүзеге асырады.
М.О.
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген адам
______________________________
қолы, Т.А.Ә
№___________
Авиациялық техникаға
техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жөніндегі ұйымның
сертификатына
қосымша
Сертификаттың қолданылу саласы
Р/с № |
Авиациялық техниканың үлгісі |
Жұмыс түрлері |
Ескертпе |
М.О. Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген адам
____________________
қолы, Т.А.Ә.
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет көрсететін
және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
2-қосымша
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін (АТ ТҚ және Ж) ұйымның сертификатын алуға арналған өтінімнің үлгі нысаны
1. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атауы_____________________________
2. Ұйым тіркелген жер және тіркеу нөмірі (шифры)
____________________________________________________________________
3. Өндірістік базаның орналасқан жері:______________________________
4. Пошталық мекенжайы_______________________________________________
5. Телефон__________________________________________________________
6. Телеграф_________________________________________________________
7. Факс_____________________________________________________________
8. Есеп шоты________________________________________________________
9. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)________________________________
10. Электрондық мекенжайы___________________________________________
11. Өтінім беру себебі (керегінің астын сызу): АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған бастапқы өтінім;
АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыстар түрлерінің (кешендерінің) тізбесін толықтыру;
авиациялық техника үлгілерінің тізбесін толықтыру;
кезекті мерзімге арналған сертификаттау;
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын кері қайтарып алғаннан/күшін жойғаннан кейінгі сертификаттау;
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның негізгі деректерін өзгерту;
басқа да себептер (көрсету)
12. Өтінімнің мазмұны
Мен, төменде қол қойған,_____________________________________________
(ұйым басшысының Т.А.Ә.)
______________________(күні)__________________ бекітілген (тіркелген)
Жарғының (Ереженің) негізінде әрекет ететін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды мынадай авиациялық техникада төменде көрсетілген қызмет түрін орындау құқығына сертификаттау жүргізуді сұраймын:
ӘК, қозғалтқыштың,АТ бұйымының үлгісі |
Қызмет нысаны |
||
ТҚ жедел түрлері (көрсету) |
ТҚ кезеңдік түрлері (көрсету) |
Жұмыстардың басқа түрлері (көрсету) |
|
13. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын мойындайды және орындауға міндеттенеді.
14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты басшы құрам:
Лауазымы |
Т.А.Ә. |
Қолы |
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы |
||
Сапаны бақылау (кепілдік) жөніндегі бөлімшенің басшысы |
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет
көрсететін және оны жөндейтін
ұйымды сертификаттау және
сертификат беру қағидасына
3-қосымша
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйым жарғысының көшірмесі.
2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
3. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қаржы-экономикалық жағдайы туралы анықтама.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын берген сертификаттық тексеруге алдын ала қорытынды.
5. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі жөніндегі басшылық (құжаттардың осы тізбесіне қосымша).
6. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттер) туралы мәліметтер.
7. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның бекітілген құрылымы.
8. АТТҚ және Ж жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже.
9. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның штаттық кестесі.
10. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамы туралы мәліметтер және білім туралы тиісті құжаттардың көшірмелері.
11. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамының лауазымдық нұсқаулықтары.
12. Авиациялық техниканың үлгілері бойынша рұқсат ету түрлері мен жұмыстар түрлері көрсетілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық персоналының тізімі.
13. Инженерлік-техникалық құрамының қозғалтқыштарды жүргізу және сынап көру рұқсаттары туралы ақпарат.
14. Сақтандыру полистерінің және медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген, базадан тыс әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді орындауға арналған экипаждардың құрамында ұшуларды орындауға жіберілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық құрамы тұлғаларының тізімі.
15. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметін жүзеге асыруға негіз болатын қолданыстағы құжаттардың тізбесі.
16. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мен авиациялық техниканы жасаушылар, әзірлеушілер немесе азаматтық авиацияның ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы авиациялық техниканы пайдалануды технологиялық-конструкторлық сүйемелдеуге арналған шарттардың тізбесі.
17. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мен азаматтық авиацияның басқа да бөгде ұйымдары арасындағы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған шарттардың тізбесі.
18. Шарттық мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мен азаматтық авиацияның жөндеу ұйымдары арасындағы авиациялық техниканы жөндеуге арналған шарттардың тізбесі.
19. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қызметін метрологиялық қамтамасыз етуге арналған шарттардың тізбесі.
20. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж бойынша ұйымның инженерлік-техникалық құрамына техникалық оқу өткізу мен біліктілігін арттыруға арналған шарттардың тізбесі.
21. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, жалға алынатын құрылыстар мен жер үстінде қызмет көрсету құралдарын пайдалануға арналған шарттардың тізбесі.
22. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, ұшу ақпаратын өңдеу мен талдауға арналған шарттың тізбесі.
23. Әрбір әуе кемесіне арналған ақпарат:
1) халықаралық ұшуды орындау үшін орнатылған қосымша жабдықтардың тізбесі;
2) әуе кеменің жеке ерекшеліктері (қажеттілігіне қарай);
3) әуе кемесін, қозғалтқыштарды және шектелген ресурстары бар агрегаттарды нақты жөндеп шығу, тағайындалған және жөндеу аралық ресурстар.
24. АТТҚ және Ж жөніндегі ұйым қызмет көрсететін коммерциялық пайдаланушылар тізімі.
25. Қосалқы мердігер ұйымдардың тізбесі.
26. Барлық ӘК бойынша ұшу жарамдылығы директиваларының және бюллетеньдерінің орындалу мәртебесі.
Ескертпе. 16-22-тармақтары бойынша тізбелер осы жұмыстарды басқа ұйымдар орындаған кезде ұсынылады
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жөніндегі
ұйымның сертификатын алуға
арналған өтінімге қоса берілетін
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымның қызметі бойынша нұсқау
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін (АТ ТҚ және Ж) ұйымның қызметі бойынша басшылық мынаны қамтиды:
1. Жалпы бөлім:
1) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі бойынша нұсқау пен онда көрсетілген барлық өзге басшылықтарға сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде ұйым қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын декларация (жауапты менеджер қол қойған);
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі ұйымның сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған тұлғалардың өкілеттіктерін бөлу мен өзара байланысын көрсететін АТ ТҚ және Ж ұйымның ұйымдық құрылымы;
3) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның өндірістік базасының жалпы сипаты;
4) сертификаттау талаптарын сәйкес тағайындалған инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері, жауапкершілігі және өкілеттіктері;
5) сұрау салынған бекітудің саласына сәйкес ұйымның қызмет саласының сипаты; әуе кемелерінің (ӘК) үлгілері мен олардың құрауыштарының және АТ ТҚ және Ж бойынша ұйым орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерінің тізбесі;
6) халықаралық ұшуды орындауға арналған қосымша жабдықты орнатуға байланысты АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның әрбір түрінің техникалық қызмет көрсету регламенттерін және технологиялық нұсқауларды толықтыру туралы ақпарат;
7) халықаралық ұшуды және тиісті даярланған техникалық персоналы жоқ әуежайларға ұшуды орындаған кезде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы ақпарат;
8) авиатехникаға техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының болуын қоса алғанда, пайдалануға рұқсат беру сертификатына қол қоюға уәкілеттік берілген жіберуімен персонал туралы мәліметтер;
9) техникалық қызмет көрсету кезінде ұшудың кауіпсіздігін басқару жүйесі;
10) объективті бақылау құралдарын пайдалана отырып, ұшу ақпаратын жинауды ұйымдастыру, ашып оқу және пайдалану туралы ақпарат;
11) қызмет жөніндегі басшылыққа оны жаңарту мақсатында түзетулер енгізу рәсімі және оларды уәкілетті органның бекітуі;
12) сертификаттау талаптарға сәйкес ұйымдағы өзгерістер туралы хабарлау рәсімі;
13) ТҚ бойынша желілік/сыртқы желілік станциялар болса, олардың тізбесі;
2. Техникалық қызмет көрсетуді орындау рәсімдері:
1) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы 5700 кг асатын әуе кемелеріне қатысты істен шығу, жарамсыздықтар, ақаулар және басқа да оқиғалар туралы ақпаратты уәкілетті органға жеткізуді жөнелту рәсімі;
2) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымда үлгі сертификатын ұстаушы немесе үлгі конструкциясына жауапты ұйым жіберетін ұшу жарамдығына қатысты барлық қажетті мәліметтерді алу, өзгерту және тарату рәсімі;
3) формулярды, борттық техникалық журналды, конфигурацияда рұқсат етілетін ауытқулар тізбесін және ең аз жабдықтардың тізбесін пайдалану жөніндегі рәсім;
4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентті) сипаттайтын рәсім;
5) директиваларды және ұшу жарамдылығы жөніндегі бюллетеньдерді орындауды және есепке алуды сипаттайтын рәсім;
6) міндетті емес пысықтауларды орындауды сипаттайтын рәсім;
7) істен шығу мен жарамсыздықты есепке алуды сипаттайтын рәсім;
8) түсуді ұйымдастыру, тіркеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қоса алғанда, пайдалану құжаттамасын жүргізу рәсімі және ТҚ бойынша жазбаларды сақтау рәсімі;
9) пайдалануға рұқсат беру сертификатын беру рәсімі (кеңес кезінде шығарылған әуе кемелерінен басқа), осындай сертификат қол қойылуға жататын шарттар мен жағдайлар;
10) рұқсат етілген кейінге қалдырылған істен шығуды жою рәсімі;
11) планер, күш беретін қондырғы, жинақтаушы бұйымдар компоненттер) бойынша сенімділікті бақылау бағдарламаларын сипаттау;
12) құйылатын отынның сапасы мен санын бақылау бойынша рәсім;
13) әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеуді бақылау бойынша рәсім;
14) әуе кемесінің бақылау ұшып өту рәсімі;
15) авиациялық техника жұмыстарына инженерлік-техникалық құрамды жіберу және осы жұмыстарға рұқсат етуді растайтын құжаттарды сақтау рәсімі;
16) инженер-техникалық құрамды авиациялық-техникалық дайындау бойынша рәсім.
3. Қауіпсіздік пен бақылау және/немесе ұйымдастыру сапасы мен бақылау жүйесі рәсімдерін қамтамасыз ету және/немесе сертификаттау талаптарға сәйкес белгіленген сапаны қамтамасыз ету саласында ұйым саясатын сипаттауды қамтитын АТ ТҚ және Ж бойынша ұйым сапасы жөніндегі басшылық.
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет
көрсететін және оны жөндейтін ұйымды
сертификаттау және сертификат беру
қағидасына
4-қосымша
Азаматтық авиацияның техникасына техникалық қызмет көрсету және
жөндеу (АТ ТҚ және Ж) ұйымының сертификатын алуға арналған
өтінім бойынша шешімнің үлгі нысаны
20___жылғы «__» №_____
_____________________________________________________________________
(АТ ТҚ және Ж атауы)
____________________________________сертификаттау жүргізуге ұсынылған
(АТ ТҚ және Ж атауы)
«__»__________________№_____________
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
өтінімін қарап, хабарлаймыз:
1. Сіздер ұсынған құжаттар азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмеген тармағы көрсетіледі)_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Сертификаттық тексеру__________________кезеңінде жүргізіледі
3. Инспекциялық бақылауды
______________________________________________________жүзеге асырады.
МО Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
немесе ол уәкілеттік берген адам
________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20___жылғы «___»______
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет көрсететін
және оны жөндейтін ұйымды
сертификаттау және сертификат беру
қағидасына
5-қосымша
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымның қызмет салалары
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымның қызмет салаларына мыналар жатады:
1) жекелеген үлгілердегі әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету, соның ішінде ағымдағы жөндеу, ақаулықтарды жою, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды ауыстыру;
2) жекелеген үлгілердегі әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету, соның ішінде авиақозғалтқыштарды ауыстыру, авиациялық техниканы ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы техникалық қызмет көрсету, сақтау кезінде авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету;
3) зертханалық жағдайдағы ӘК техникалық қызмет көрсету агрегаттары және жинақтаушы бұйымдары;
4) ӘК және олардың агрегаттары мен жинақтаушы бұйымдарын бұзылмайтын бақылау әдісімен инспекциялау;
5) «күрделі жөндеусіз» пайдаланылатын әуе кемелерінің планеріндегі, авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарындағы және жинақтаушы бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары);
6) әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау);
7) әуе кемесін жаңғырту бойынша жұмыстарды және авиациялық техниканы әзірлеушінің бюллетеньдері мен құжаттамасы бойынша пысықтауларды орындау;
8) әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстарды (қызмет мерзімдерін) белгілеумен күрделі жөндеу.
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет
көрсететін және оны жөндейтін
ұйымды сертификаттау және сертификат беру
қағидасына
6-қосымша
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру бағдарламасы
Ұйымның атауы:__________________________________________________
Тексеру күні, бұйрықтың №:______________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы:_______________________________
Р/с |
Тексеру бағдарламасы бойынша позициясының нөмірі және тексерілетін элементтер |
Сәйкестікті бағалау (+/-) |
Сәйкессіздік позициясының нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Өндірісті ұйымдастыру және басқару |
|||
1 |
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - ұйым) сертификатын алуға арналған өтінім |
||
2 |
Ұйым жарғысының көшірмесі |
||
3 |
Ұйымды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі |
||
4 |
Бекітілген өндірістік құрылымның жарғыда (ережеде) белгіленген міндеттерге, функцияларға және қызмет мәніне; мәлімделген жұмыс түрлеріне сәйкестігі |
||
5 |
Штаттық кестенің және оның жасақталуының өндірістік құрылымға сәйкестігі |
||
6 |
Негізгі деректерімен басқарушы құрамның тізімі |
||
7 |
Бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдылық нұсқаулықтары, міндеттерді өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бөлу |
||
8 |
Инженерлік-техникалық құрам (бұдан әрі - ИТК), біліктілігі, авиация персоналы куәліктерінің болуы және қолданылу мерзімдері |
||
9 |
Ұйым қызметі бойынша басшылықтың болуы. Ұйым қызметі бойынша басшылықты жаңарту және оларды уәкілетті органдардың бекітуі мақсатында оған түзетулер енгізу |
||
2. Ақпараттық қамтамасыз ету |
|||
1 |
Ұйым қызметіне қатысты жалпы пайдалану құжаттамасы тізбесінің болуы |
||
2 |
Пайдаланылатын авиациялық техниканың (бұдан әрі - АТ) барлық типтік, нөмірлі және кемелік пайдалану құжаттамасының болуы. Ұйымның барлық бөлімшелерінде оны сақтау, пайдалану, өзгерістер енгізу және зерделеу тәртібі |
||
3 |
АТ техникалық қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ТҚ) және жөндеуді (бұдан әрі - Ж) жоспарлау, еңбек шығыны нормативтерінің, ТҚ мен Ж бойынша жұмыстардың межеленген көлемінің есеп-қисабы |
||
4 |
ТҚ және Ж бойынша өндірістік-техникалық құжаттаманы ресімдеу, жүргізу, беру, қабылдау, тексеру және сақтау тәртібі, мұрағаттың болуы |
||
5 |
ТҚ және Ж үдерістерін технологиялық-конструкторлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
||
6 |
Объективті бақылау құралдарын (бұдан әрі - ОБҚ) ашып оқуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
||
7 |
АТ кемшіліктері және рекламациялық жұмыс бойынша есептілік |
||
3. Персоналмен қамтамасыз етілуі |
|||
1 |
Инженерлік-техникалық персоналдың (бұдан әрі - ИТП) мамандықтары мен мамандану тізбесінің болуы |
||
2 |
ИТП-ны ТҚ және Ж-ға жіберу тәртібі. |
||
3 |
ИТП-ның қажетті саны есеп-қисаптарының болуы және ИТП-мен бөлімшелердің жасақталуы. ИТП-мен ең аз жасақталу табелінің болуы |
||
3 |
Ұйымның оқу базасының болуы |
||
4 |
Ағымдағы оқуды, біліктілікті жоғарылату курстарын, дербес тапсырмалар бойынша оқулар, ИТП-ны көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы навигацияға даярлау кезінде оқу мен сынақтар өткізуді ұйымдастыру. |
||
5 |
ИТП-ны жаңа техникаға даярлау тәртібі |
||
6 |
Оқытатын ұйымдармен шарттардың болуы |
||
7 |
«ТҚ кезіндегі адам факторы» және «Авиациялық заңнама» курстарын ұйымдастыру және өткізу |
||
4. Өндірістік база |
|||
1 |
Әуе кемелеріне (бұдан әрі - ӘК) ТҚ және Ж үшін ангарлардың, баспаналардың, тұрақ орыңдарының болуы және олардың сертификаттау талаптарына сәйкестігі |
||
2 |
Ангарлардың және тұрақ орындарының өткізу қабілеті есеп-қисабының болуы |
||
3 |
ИТП үшін тұрмыстық үй-жайлардың болуы, оларда өндірістік санитария талаптарын, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау |
||
4 |
Өндірістік алаңдардың болуы, олардың жай-күйі мен жарақталуының мәлімделген қызмет саласына сәйкестігі |
||
5 |
ӘК агрегаттары мен жинақтаушы бұйымдарына ТҚ жөніндегі цехтардың (зертхананың) болуы; оның жабдықпен жабдықталуының мәлімделген қызмет саласына және үлгі пайдалану құжаттамасына сәйкестігі |
||
6 |
Жалға алынған құрылыстарды және жердегі қызмет көрсету құралдарын (бұдан әрі - ЖҚК) пайдалануға арналған шарттардың болуы |
||
5. ТҚ және Ж үдерістерін ұйымдастыру |
|||
1 |
Пайдаланылатын АТ барлық үлгі және нөмірлі пайдалану құжаттамасының болуы. Оны сақтаудың, пайдаланудың, өзгерістер енгізудің және зерделеудің тәртібі |
||
2 |
ӘК ТҚ және Ж бойынша өндірістік-техникалық құжаттаманы жүргізу |
||
3 |
ИТП-да орындалатын жұмысқа сәйкес келетін қажетті рұқсаттардың болуы |
||
4 |
Орындалатын АТ ТҚ мерзімдерінің, көлемінің және технологияларының үлгі пайдалану құжаттама талаптарына сәйкестігі |
||
5 |
Бақылау құралдарының, құралдардың және құрал-саймандардың авиациялық техниканы техникалық пайдалану және жөндеу жөніндегі құжаттар талаптарына, үлгі пайдалану құжаттамаларына (бұдан әрі - ПҚ) сәйкестігі, тиісті тексерулер жүргізу мерзімдерін сақтау |
||
6 |
Бақылау құралдарын сақтау және орналастыру шарттары |
||
7 |
Орындаушылардың қамтамасыз етілуі: арнайы қолданылатын ЖҚҚ; жалпы пайдалану құралдары; үлгі ПҚ қолдану талаптарына сәйкес дербес пайдалану құралдары |
||
8 |
ӘК-ні ТҚ және Ж бойынша аяқталмаған жұмыстармен беру тәртібі |
||
9 |
ӘК қабылдау-беру тәртібі (экипаждан және кері, цехтар арасында, күзетке және басқалары) |
||
10 |
Жұмыстарды қабылдау және бақылау бойынша міндеттерді бөлу тізбесінің болуы және оны сақтау |
||
11 |
Техникалық бақылау бөлімі қабылдау үшін аяқталған жұмыстарды ұсыну тәртібін сақтау |
||
12 |
Диагностика және бүлдірмейтін бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, құжаттаманың, жабдықтардың, сертификацияланған персоналдың болуы |
||
13 |
Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережесін сақтау |
||
14 |
Шарттық негізде орындалатын ТҚ және Ж бойынша жұмыстардың көлемі. Жұмыстарды ұйымдастыру |
||
7. А және РЭО техникалық қызмет көрсету |
|||
1 |
Ұйымдық құрылым және басқару (құрылымдық схема, бөлімше туралы ереже, лауазымдық нұсқаулықтар) |
||
2 |
Технологиялық және өндірістік-техникалық құжаттама |
||
3 |
ТҚ және Ж бойынша жұмыстарды жоспарлау |
||
4 |
ӘК әртүрлі үлгілері мен ТҚ нысандары үшін пайдаланылатын бақылау құралдарының, құралдар мен құрал-саймандарды ТҚ тізбесі: ПҚ сәйкестігі; тексерулерден өтуі |
||
5 |
Бақылау құралдарына ПҚ болуы және оны ресімдеу |
||
6 |
Бақылау құралдарын сақтау шарттары, оларды орналастыру |
||
7 |
Технологиялық жабдықтарға, АТ технологиялық жұмыстарына тізілімдердің болуы |
||
8 |
Дайындалған (қайта жаңартылған) технологиялық жабдықтарды пайдалануға жіберу |
||
9 |
ТҚ және Ж бақылау құралдарымен қамтамасыз ету |
||
10 |
Өлшеу құралдарын (бұдан әрі - ӨҚ) метрологиялық тексеру, жоспарлау және бақылау |
||
11 |
ИТП бақылау құралдарымен жұмысқа және борт жабдығының ТҚ орындауға дайындау және рұқсат беру, ИТП жинақтылығы |
||
12 |
ТҚ және Ж объектілерін сақтау мен тасымалдау |
||
13 |
Бақылау-тексеру аппаратурасы (бұдан әрі - БТА) және зертхана қондырғылары (стенділер) |
||
14 |
Жедел ТҚ бойынша БТА және кезеңдік ТҚ бойынша БТА |
||
8. Ұшу ақпаратын өңдеу |
|||
1 |
Персоналды даярлау және мамандандыру |
||
2 |
Өндірістік құжаттама |
||
3 |
Пайдаланылатын жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету және нұсқаулық құжаттар |
||
4 |
Борт құралдарын объективті ақпаратпен қамтамасыз ету (бұдан әрі - ОАҚ) |
||
5 |
Сапаны бақылау және орындалатын жұмыстарды есепке алу |
||
6 |
Ашып оқу көлемі туралы деректер, оның ішінде ұшуды «базадан тыс» ұйымдастыру кезінде |
||
7 |
АТ ТҚ кезінде ОАҚ ашып оқу уақытында алынған ақпаратты пайдалануды ұйымдастыру |
||
9. Техникалық қызмет ету сапасын бақылау |
|||
1 |
Техникалық бақылау бөлімінің (бұдан әрі - ТББ) жасақталуы |
||
2 |
ТББ техникалық пайдалану құжаттамасымен қамтамасыз етілуі |
||
3 |
ТББ персоналының және өндірістік бөлімшелердің жұмыс режимін сәйкестендіру |
||
4 |
Жұмыстардан ауытқу және қабылдау тәртібінің болуы |
||
5 |
ТББ персоналының басқа бөлімшелермен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылы |
||
6 |
ТҚ және Ж сапасын талдауды өткізу, ТҚ және Ж сапасы бойынша көрнекі ақпарат пен үгіт жүргізу |
||
7 |
Метрологиялық қамтамасыз етуді бақылау |
||
8 |
Сапа бойынша нұсқаулықтың болуы |
||
10. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - МТҚ) |
|||
1 |
МТҚ жөніндегі құрылымның болуы |
||
2 |
МТҚ бойынша өзара іс-қимыл схемасының болуы |
||
3 |
Авиатехникалық мүлікпен (бұдан әрі - АТМ) қамтамасыз ету жөніндегі шарттардың болуы |
||
4 |
АТМ төмендемейтін қоры, жинақтылығы, болуына және шығынына есеп жүргізу |
||
5 |
Ресурстары шектелген агрегаттармен және бұйымдармен қамтамасыз ету |
||
6 |
Түсетін АТМ кіріс бақылауының техникалық пайдалану мен авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі құжаттарының талаптарына сәйкестігі |
||
7 |
АТМ сақтау шарттары |
||
8 |
Қоймалардың (қоймалық бөлмелердің) жұмыс режимінің техникалық бригадалардың жұмыс режиміне сәйкестігі |
||
11. Қаржылық қамтамасыз ету |
|||
1 |
АТ ТҚ және Ж бойынша шығыстары сметасының болуы |
||
2 |
Еңбекақы төлеудің уақтылылығы |
||
12. Еңбекті қорғау, қаржылық және материалдық қамтамасыз ету |
|||
1 |
Еңбекті қорғауды ұйымдастыру |
||
2 |
Еңбекті қорғау бойынша құжаттың болуы және сапасы |
||
3 |
Жеке қорғау құралдарының болуы |
||
4 |
Авиациялық персоналдың арнайы мамандандырылған киім-кешегінің болуы |
Ескертпе:
( *) осы ұйым үшін міндетті емес;
(-1) ұйымның сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеу қою шартымен ұйымның сертификатын беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) ұйымның сертификатын беруге кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер. Қосымша: Сәйкессіздік тізбесі парақта_____(парақтарда).
Тексерушілер:____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Танысты:______________________ ________________
(ұйым басшының қолы), (Т.А.Ә)
Сертификаттық тексеруді
жүргізу күні: 20___жылғы «___»___________
Азаматтық авиация ұйымын сертификаттық қарап тексеру
бағдарламасына сәйкессіздіктер тізбесі
№ |
Сәйкессіздік мазмұны |
Ескертпе |
Комиссия __________________
мүшелері __________________
__________________
__________________
Таныстым: _____________________
(ұйым басшысы)
ТМД елдерінен өзге елдерде шығарылған азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру бағдарламасы
Ұйымның атауы:________________________________________________
Тексеру күні, бұйрықтың №:_____________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы:_____________________________
№ |
Бағдарлама бойынша позициясының нөмірі және тексерілетін элементтер |
Сәйкестікті бағалау |
Сәйкессіздік позициясының нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Өндірістік үй-жайлар |
|||
1 |
Жайсыз құбылыстардан жекелеген қорғауды қамтамасыз ететін жоспарланған жұмыстардың барлық түрлеріне арналған өндірістік үй-жайлардың болуы |
||
2 |
Ангарлардағы, өндірістік учаскелердегі және қызметтік үй-жайлардағы жағдайларды қоса алғанда, өндірістік жағдайлардың орындалатын міндеттерге және атап айтқанда мамандандырылған талаптарға, тиісті климаттық жағдайларға, ауаны шаң басқанда, шуыл деңгейіне, өндірістік аймақтар мен жұмыс орындарын жарықтандыруға сәйкестігі |
||
3 |
ӘК ТҚ және Ж персоналына ТҚ және Ж бойынша құжаттаманы зерделеу, ТҚК және Ж есебін жасауға арналған үй-жайлардың (орындардың) болуы |
||
4 |
Құрауыштар, жабдықтар, құралдар мен материаддарға арналған қорғалған қоймалық үй-жайлардың болуы: |
||
2. Персоналға қойылатын талаптар |
|||
1 |
Барлық ТҚ және Ж жұмыстарының қаржыландырылуын және орындалуын қамтамасыз ету саласындағы корпоративті өкілеттігі берілген жауапты менеджердің болуы |
||
2 |
Міндетіне сертификациялық талаптарға ұйымның сәйкестігін қамтамасыз ету кіретін жауапты тұлға немесе тұлғалар тобының болуы (тағайындалған тұлғаның ӘК ТҚ және Ж және ӘК құрауыштары саласында тиісті білімі, дайындығы мен тәжірибесі болуы керек) |
||
3 |
Соңғыларының ұзақ орнында болмауы жағдайында жекелеген лауазымды тұлғалардың орнын ауыстыру рәсімінің болуы |
||
4 |
Сапа жүйесіне жауапкершілік алған жауапты тұлғаның болуы |
||
5 |
ӘК ТҚ және Ж олардың құрауыштары үшін персоналдың жеткілікті санын көрсететін адам-сағат жоспарының болуы, сондай-ақ жоспарлау, сапаны бақылауды орындау және т.б. |
||
6 |
ТҚ және Ж азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген рәсімдер мен стандарттарға сәйкес сапаны басқару және/немесе тексерумен айналысып жатқан персоналды бақылауды ұйымдастыру |
||
7 |
«ТҚ кезіндегі адами фактор» және «Авиациялық заңнама» курстарын ұйымдастыру және өткізу |
||
8 |
ӘК планерін және/немесе оның құрауыштарын ұшу жарамдылығын ұстау және/немесе бұзылмайтын бақылау жұмыстарын жүргізетін персоналдың тиісті біліктілігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету |
||
9 |
Жедел ТҚ және Ж жүргізу кезінде В1 және В2 санатындағы персоналдың жеткілікті штатының және болымсыз жедел ТҚ орындау мен жай ақаулықтарды жою үшін «А» санатындағы біліктілігі бар тиісті міндеттерді орындауға дайындалған сертификатталған персоналдың болуы |
||
10 |
Штатта ірі ӘК базалық ТҚ және Ж жүргізу кезінде С санатындағы біліктілігі бар сертификатталған персоналдың болуы |
||
11 |
С санатындағы сертификатталған персоналды қолдау ретінде В1 және В2 санатындағы тиісті персоналды тарту мүмкіндігіне рәсімдердің болуы |
||
12 |
В1 және В2 санатындағы барлық көмекші персонал тізілімінің болуы |
||
13 |
ӘК құрауыштары бойынша сертификатталған персоналдың сертификациялық талаптарға сәйкестігі |
||
14 |
Операциялық технологиялық карталарды әзірлеу, пайдалану және беру рәсімдерінің болуы |
||
15 |
ӘК командиріне және/немесе борт инженеріне қайта ұшу алдында ұшу жарамдылығының директивасын орындауды сертификаттауға арналған шектеулі рұқсаттарды дайындау мен беруді ұйымдастыру |
||
3. В1 және В2 санатындағы сертификаттайтын персонал және көмекші персонал |
|||
1 |
В1 және В2 санатындағы сертификаттайтын персонал мен көмекші персоналдың біліктілігіне қойылатын талаптарды сипаттайтын ұйымдастырушылық рәсімдердің болуы |
||
2 |
Сертификаттайтын персонал ұйымы берген, онда осы тұлғалар ТҚ бойынша ұйым атынан осы рұқсатта көрсетілген шектеулер шеңберінде пайдалануға жіберу сертификаттарына қол қоюға уәкілетті екені көрсетілген «пайдалануға жіберу сертификатын беруге арналған рұқсаттын» болуы |
||
3 |
Тиісті ӘК немесе оның құрауыштарын нақты ТҚ және Ж тартылған В1 және В2 санатындағы барлық сертификаттаушы және көмекші персоналдың жұмыспен қамтылуын есепке алу |
||
4 |
В1 және В2 санатындағы барлық тиісті персонал мен көмекші персоналдың дұрыс үздіксіз дайындықтан өтуін ұйымдастыру және бағдарламаның болуы |
||
5 |
В1 және В2 санатындағы барлық тиісті персонал мен көмекші персоналдың жазбасын есепке алу және сақтау (деректер мұрағатының болуы) |
||
6 |
Сертификаттаушы персоналда пайдалануға жіберу сертификатын беруге оны орналастыру көшірмелерінің қағаз не электронды түрде болуы |
||
4. Жабдық, құралдар мен құжаттар |
|||
1 |
Қажетті жабдық, құралдар мен материалдардың болуы |
||
2 |
Сирек қолданылатын жабдық немесе құралдардың қолжетімділік рәсімінің болуы |
||
3 |
ӘК қолжетімділік жабдықтарының және базалық ТҚ және Ж жүргізу үшін тексеріп қарау/тұрақ орындары алаңдарының жеткілікті саны болуы |
||
4 |
Барлық құралдарды, жабдықтарды және мәтіндік жабдықтарды бақылау мен инспекциялауды ұйымдастыру. Осындай инспекциялау туралы есептерді жүргізу мен сақтауды ұйымдастыру. |
||
5. ӘК құрауыштарын қабылдау |
|||
1 |
ӘК құрауыштарын сыныптау және сыныптарға бөлу жүйесінің болуы |
||
2 |
ӘК құрауыштарын сертификациялық талаптарға сәйкес таңбалау. |
||
3 |
Шикізатка ілеспе құжаттаманың және ТҚ және Ж жүргізу барысында қолданылатын шығыс материалдарының болуы |
||
4 |
ТҚ және Ж кезінде қолданылатын құрауыштар мен шығыс материалдарын қабылдауды ұйымдастыру, сақтау және сертификациялық талаптарға сәйкестігін бақылау |
||
6. Пайдалану құжаттамасы |
|||
1 |
Ұйымдастырудың сыныбы мен рейтингісіне сәйкес келетін техникалық қызмет көрсету мен жөндеу туралы ең аз мәліметтердің болуы: сертификациялық талаптарға сәйкес келетін техникалық қызмет көрсету және жөндеу нормалары, бекіту ерекшеліктері және нұсқаулық құжаттама, барлық қолданыстағы мемлекеттік талаптар және ТҚ және Ж бойынша хабарландырулар, ұшу жарамдылығы бойынша қолданыстағы директивалар. Түрлендіру мен жөндеу жұмыстары туралы мәліметтерді қоса алғанда, ТҚ және Ж туралы деректердің болуы |
||
2 |
Санаттар бойынша бекіту сыныбы рейтингісі сәйкес ұйымдастыруға қолданылатын ТҚ және Ж бойынша деректердің болуы |
||
3 |
ТҚ және Ж кезінде барлық анықталған нақты емес, толық емес немесе екі мақсаттағы ақпаратты тіркеу тәртібінің болуы және проблема жөнінде пайдалану құжаттама авторына уақытылылы хабарландыру |
||
4 |
Ұшу жарамдылығы туралы тиісті директивтердің және үлгі сертификатын ұстаушы және/немесе үлгі сертификаты ұстаушысының авиациялық биліктері берген бюллетеньдердің болуы |
||
5 |
Үлгі сертификатының иесі, қосымша үлгі сертификатының иелері, жариялауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар берген ұшу жарамдылығын ұстау бойынша нұсқаулықтардың болуы |
||
6 |
ТҚ және Ж практикасында белгіленген тиісті стандарттардың болуы |
||
7 |
ӘК және/немесе құрауыштардың ТҚ бойынша жұмыс карталардың және ӘК және құрауыштардың ТҚ жүзеге асыратын барлық ұйымдар бөлімшелерінде жұмыс есебі тізбесінің болуы |
||
8 |
Электронды дерекқорды резервтеу жүйесінің болуы |
||
9 |
ТҚ және Ж бойынша персонал үшін пайдалану құжаттамасының қол жетімдігі Пайдалану құжаттамасын жаңарту бойынша рәсімдердің болуы |
||
7. Өндірістік жоспарлау |
|||
1 |
ТҚ және Ж бойынша жұмыстардың орындалуын жоспарлау жүйесінің болуы (санға сәйкестігі және жұмыс қиындықтары, қажетті персонал, құралдар, жабдықтар, құжаттар, ТҚ және Ж және өндірістік үй-жайлар туралы деректер) |
||
2 |
Аяқталмаған ТҚ және Ж міндеттерін ауысымнан ауысымға тапсыру рәсімдерінің болуы және кететін және келетін персоналдың арасында персоналды толық ауыстыру |
||
8. ТҚ және Ж сертификаттау |
|||
1 |
Ұйымда қызмет көрсетілген құрауыштарды пайдалануға жіберу және жіберуге сертификатты беру рәсімі |
||
2 |
Құрауыштарға пайдалануға жіберу сертификатын беру тәртібі: ӘК алынғандар және сақтауда тұрғандар |
||
3 |
ӘК алынған, пайдаланудан алынған құрауыштарды пайдалануға жіберу сертификатын беру тәртібі |
||
4 |
Ұйымда пайдалануға жіберу сертификаттарын беру, қабылдау, есепке алу және ресімдеуді бақылау тәртібі |
||
5 |
Уәкілетті сертификаттаушы персоналдың ӘК пайдалануға жіберу туралы сертификатты беру рәсімі |
||
9. ТҚ және Ж бойынша есептер |
|||
1 |
ТҚ және Ж атқарылып жатқан жұмыстары бойынша есептілік |
||
2 |
ТҚ және Ж есептері мен мұрағатын сақтау шарттарының және ӘК шығу күнінен бастап немесе ТҚ және Ж жұмыстары жүргізілген ұйымнан ӘК құрауыштары деректерінің болуы |
||
3 |
Есептерді 2 жыл ішінде сақтау мерзімдері |
||
10. Авиациялық оқиғалар туралы есептер |
|||
1 |
Оқиғалар бойынша есеп беру жүйесі |
||
2 |
Осындай есептерді және қателерді басқару жүйесін қоса алғанда, олардың бағалауды жинауды қамтамасыз ету мақсатында оқиғалар туралы есеп берудің ішкі жүйесінің болуы |
||
3 |
Егер де ұйым ТҚ және Ж жүргізу туралы шарттың шеңберінде әрекет ететін болса, онда коммерциялық пайдаланушы есебінің болуы |
||
11. Қауіпсіздік және сапа саласындағы саясат және ТҚ және Ж рәсімдері мен сапа жүйесі |
|||
1 |
Сертификациялық талаптарға сәйкес қауіпсіздік пен сапа саласындағы саясат бағдарламасының болуы |
||
2 |
Сертификациялық талаптарға сәйкес белгіленген ТҚ және Ж тиісті тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында адами фактордың әсерін және адам жұмысының сапасын ескеретін, уәкілетті органмен келісілген рәсімдер мен технологиялардың болуы |
||
3 |
Бір үлгідегі қателер шығу қаупін азайтатын және күрделі жүйесінің қателерін бекітуді қамтамасыз ететін өндіріс учаскесінде және базасында ӘК ТҚ және Ж қатысты рәсімдерінің болуы |
||
4 |
ӘК/ӘК құрауыштарын ТҚ талап ететін стандарттарын сақтауды тексеру үшін және ТҚ және Ж тиісті тәжірибесін сақтауды және ӘК/ ӘК құрауыштарын ұшу жарамдылығын қамтамасыз ететін рәсімдерге сәйкес тәуелсіз аудит жүйесінің болуы |
||
5 |
Аудит үдерісінде анықталған сәйкессіздік бойынша іс-шараларды түзету жүйесінің болуы |
||
12. Ұйымдастыру қызметі жөніндегі басшылық (МОЕ). |
|||
1 |
АТ ТҚ және Ж бойынша ұйымдастыру қызметі жөніндегі басшылықтың болуы. Қызмет жөніндегі басшылықты жаңарту мақсатында түзетулер енгізу және уәкілетті органның оларды бекітуі |
||
13. Ұйымның өкілеттіктері |
|||
1 |
ӘК ТҚ және Ж немесе ӘК құрауыштарына ұйымдастыру сапасының жүйесінде әрекет ететін бөгде ұйымдардың қатысу рәсімі |
||
2 |
Сертификациялық талаптарға сәйкес бекітілмеген қосымша мердігерлерді бақылау бойынша рәсімдер |
||
3 |
Ұйым үшін шарт бойынша ТҚ және Ж орындайтын уәкілетті органның ұйымын танылуының болуы |
||
4 |
ТҚ және Ж аяқталуы бойынша ӘК пайдалануға рұқсат беру туралы сертификатты беру тәртібі |
||
14. Ұйымның шектеулері |
|||
1 |
ТҚ және Ж бойынша ұйымның: өндірістік қуаттылығы; жабдығы; құралы; материалы; ТҚ және Ж бойынша деректер; сертификатталған персоналы бойынша шектеулерінің болуы |
||
15. Ұйымдағы өзгерістер |
|||
1 |
Оларды іске асыруға дейінгі өзгерістер енгізу туралы азаматтық авиация сапасындағы уәкілетті органның хабарламасы тәртібінің болуы (ұйым атауы, ұйымның негізгі және қосымша үй-жайлары, жауапты менеджері, өндірістік үй-жайлар, жабдығы, құралдары және т.б.) |
Ескертпе:
( *) бұл ұйым үшін міндетті емес;
(-1) ұйым сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеу қою шартымен ұйымның сертификатын беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) ұйым сертификатын беруге кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.
Тексерушілер:________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
ТМД елдерінен өзге елдерде шығарылған азаматтық авиация
авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру бағдарламасына
сәйкессіздіктер тізбесі
Сәйкессіздік ұстанымның № |
Сәйкессіздік мазмұны |
Ескертпе |
Комиссия мүшелері ___________________________________
Таныстым: ___________________________________
___________________________________
___________________________________
(ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)
Азаматтық авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет
көрсететін және оны жөндейтін
ұйымды сертификаттау және
сертификат беру
қағидасына
7-қосымша
Бекітемін
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген тұлға
______________________
қолы, Т.А.Ә.
20__жылғы «__»_____
Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны
_____________________________________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)
20___жылғы «___» №_____бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға: __________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Комиссия мүшелері:__________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
__________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
__________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеріп қарауды жүргізді.
Қорытынды мәтіні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төраға: ________________________ ______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ________________________ ______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________ _______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________ _______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________ _______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
АТ ТҚ және Ж
жөніндегі ұйым басшысы _____________________ _______________________
(Т.А.Ә.) (қолы)