Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 411 Қаулысы

Қолданыстағы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 2011 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 870000000 (сегіз жүз жетпіс миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі растаушы құжаттарды ұсынуына қарай қаржыландыруды;
      2) бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімі 2011 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов