Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 395 Қаулысы

Қолданыстағы

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Екінші деңгейдегі банктердің берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік коғамының кепілдік беру ережесінде:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) андеррайтинг - кредитті қайтармау тәуекелін бағалау рәсімі;»;
      12-тармақтың 1) тармақшасында «қарыз алушының андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың бірінші бөлігінде «екі данада» деген сөздер «бір данада» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      18-тармақтың бірінші бөлігінде «, кредитор кепілдік беру міндеттемесін толтырады және оның бір данасына бас келісімде белгіленген тәртіппен Қаржы орталығына жібереді» деген сөздер алынып тасталсын;
      21-тармақта «қарыз алушының андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармақтың 5) тармақшасында «қарыз алушы андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов