Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
4 және 7-тармақтардағы «науқастарды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздерден кейін «, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-жолдармен толықтырылсын:
«
18. |
Ретиналды томограф |
19. |
Жиынтығында 12 мониторы бар орталық байқау станциясы |
20. |
Кардиохирургия мен нейрохирургияға арналған зерттеу опциясы бар компьютерлік томограф |
21. |
Сұйықтық цитология аппараты |
22. |
Аралас лазерліқ қондырғы |
23. |
Портативті неонаталды монитор |
24. |
Қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар нәрестеге арналған монитор |
25. |
Электрокардиография және артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу жүйесі |
26. |
Тредмил жүйесі |
»;
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарында:
9-бағанда:
«Магнитті-резонансты» деген сөздерден кейін «және компьютерлік» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 11-жол «180 000» деген сандармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 15-бағанындағы «689 247» деген сандар «869 247» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолда:
«727 817» деген сандар «907 817» деген сандармен ауыстырылсын;
«16 982 005» деген сандар «17 162 005» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов