Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 352 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
      1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Бекетаев                    - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы             министрлігінің жауапты хатшысы

Рау                         - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович              Индустрия және жаңа технологиялар
                              бірінші вице-министрі

Хасенов                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сакташ Сатыбалдыұлы           шаруашылығы вице-министрі

Нұрпейісов                  - Қазақстан Республикасы
Қуаныш Қалиұлы                Бәсекелестікті қорғау агенттігі
                              (Монополияға қарсы агенттік)
                              төрағасының орынбасары;

      көрсетілген комиссия құрамынан Арман Қайратұлы Евниев, Рустам Александрович Ақбердин шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов