"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 340 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1959 қаулысымен енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов