Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 332 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 281-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру», «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру», «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметтер стандарттарында:
      1-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.»;
      14-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов